Домой / Новости / Город / “Мектепке жол” акциясы басталды

“Мектепке жол” акциясы басталды

data-ad-slot="1867841055">

index (1)

Семей.08.08. “Semeyainasy” – Семейде мектепке жол акциясы басталды. Акция аясында аз қамтылған отбасылардың балаларын жаңа оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету көзделген. Қалалық білім бөлімінің мәліметіне қарағанда, шаһарда осындай тізімде тұрған 5 631 бала бар. Бұл көрсеткіштің, шындығында, әлдеқайда көп болуы да бек мүмкін. Сондықтан мұқтаж жандардың қалалық білім бөліміне немесе «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына барып, көмек сұрауына болады.

Айта кету керек, бұл акция қаламызда соңғы 10 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Игілікті шара аз қамтылған немесе көп балалы отбасыдан шыққан балалардың мектепке дайындалуына мүмкіндік береді.
Ал білім бөлімі жетекшісінің орынбасары Наталья Тегайдың айтуынша, бүгінде шаһарда білім алып жатқан 5 631 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

-Білім бөлімі көмекке мұқтаж оқушылардың тізімін анықтады. Бұл туралы теледидарға жүгіртпе жол арқылы хабарландыру бердік. Яғни қолдауды қажет ететін отбасылар телефон арқылы білім бөліміне хабарласуларына болады. Содан кейін біз оларды қала кәсіпкерлермен жолықтырамыз, – дейді Н. Тегай.

10 тамыздан бастап демалыс күндері оң жағалаудағы Орталық саябақ пен сол жағалаудағы Әуезов алаңында аталған акцияға байланысты арнайы жобалар ұйымдастырылмақ. «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Зульфия Жамалтдинованың айтуынша, қазір кәсіпкерлермен мектеп жәрмеңкелері кезінде кеңсе және өзге де тауарларды нарық бағасынан төменірек саудалау жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Көмекке мұқтаж жандар білім бөліміндегі 52-20-25; 52-48-82 телефондарына хабарласа алады.
P/S: Кәсіпкер деген дардай атағы бар ауқатты жандар оқушыларға тек бір сөмке мен 2-3 дәптер берсе, оны көптің көзінше жарияламаса игі болар еді.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

За прошедшие сутки в РК выявлено 826 заболевших коронавирусом

Читали: 39 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 28.11. “Semeyainasy” – За прошедшие сутки в Казахстане выявлены 826 заболевших …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ