Домой / Новости / ВКО / Мемлекет басшысының халқына жолдауы – мемлекет тұрақтылығының негізі саналады.

Мемлекет басшысының халқына жолдауы – мемлекет тұрақтылығының негізі саналады.

data-ad-slot="1867841055">


Семей. 14.09.”Semeainasy” – 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында – қазақ көшбасшысының көрегендігін көрсетті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Бұрынғы Жолдауларында ол елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш салған болса, жаңа жолдау – жаңа бастамалар, заман талабына сай мемлекет құрып, Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттарды белгілеп отыр. Осының өзімен Қазақстанның көшбасшысы мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам екендігіне көзі жеткен экономикалық және саяси жетілудің шыңынан көрінеді. Жолдауда атап көрсетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде берілген – азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету , шағын және орта бизнесті дамыту,білім беру сапасын жақсарту,отбасы және бала институтын қолдау,мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы және т.б – міне, адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз.

Осы орайда, Мемлекет басшысының Жолдауына қолдау колдау көрсете отырып, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік өсуіне,халқымыздың тыңыштығын қорғауға біз, ұландықтар, өз үлесімізді қосамыз.

Президенттің Жолдауында көрсетілген барлық мақсаттар орындалып, Қазақстан халқының табыспен өркендей беруіне тілектеспіз.

Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің командирі
подполковник Д. Джагипаров

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В ВКО вновь выявлено больше всего заразившихся коронавирусом за сутки

Читали: 28 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 21.09. “Semeyainasy” – 45 казахстанцев заразились коронавирусом за сутки, из них …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ