Домой / Новости / Город / Менің жеңісіме себепкер болған Абайдың «Көзімнің қарасы» әні

Менің жеңісіме себепкер болған Абайдың «Көзімнің қарасы» әні

IMG-20170911-WA0002

Семей.11.09. «Semeyainasy» — «Әлем Барысы-2017» турнирінің жеңімпазы, семейлік Айбек Нұғымаровты барша Шығыс жұрты ерекше сән-салтанатпен құшақ жая күтіп алды. Орталық алаңға жиналған жерлестері шынымен де өте көп болды. Барлығы да Айбек Нұғымаровты асыға күтіп өздерінің ризашылықтарын білдірді. Аламан додада туған жердің абыройын асқақтатып, мерейін үстемдетіп, бүкіл әлемнің мықты балуандарынан оза шапқан Шығыстың батыр ұлына арналған кішігірім салтанатты жиын болды. Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова Айбек Нұғымаровқа 1 млн теңгенің сертификатын қалың көпшілік алдында табыстады.

«Әлем Барысы-2017» турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров:
— Мені сонау әуежайдан бастап қарсы алып осылай құрметтеп жатқандарынызға мың алғыс. Әлем барысы жарысында менің жеңіс тұғырынан көрінуіме себепкер болған ол ең бірінші кезекте Абай атамыздың әні «Көзімнің қарасы». Концерттік нөмірде сол әнді тыңдағаннан кейін жігерлендім, ерекше әсер алғаным соншалық көзіме жас келді.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

DSC_0232

В Семее взяточницу оштрафовали на 9 млн тенге

Семей. 21.11. «Semeyainasy» — Уголовный суд №2 г. Семей огласил приговор уже бывшему заместителю руководителя …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ