Домой / Новости / Город / Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қажет пе әлде қажет емес пе?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қажет пе әлде қажет емес пе?

data-ad-slot="1867841055">

DSCN0499

Семей.12.10. “Semeyainasy” – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: қажет пе, қажет емес пе? Осындай тақырыпта 10 қазан күні Семей медицина университетінде медицина мамандарының, салалық бөлім басшылары мен қоғам өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуде кездесетін мәселелер, оның халыққа пайдасы жөнінде ой-пікірлер айтылып, тақырып жан-жақты талқыланды.

Жиында сөз алған ШҚО бойынша «Әлеуметтік сақтандыру» АҚ директоры Болат Әлиевтің сөзіне қарағанда, биыл республика бойынша денсаулық сақтау саласына 920 млрд теңге бөлінген. Бұл ретте халық санының, зейнет жасындағы тұрғындардың жыл санап өсуіне байланысты қосымша қаржы көздері қажет екенін ерекше атап өтті ол өз сөзінде. Тіпті жыл сайын ел-жұрттың қалтасы көтермейтін қымбат оталар жасау да көбейіп келеді,-дейді Болат Әлиев. -«7 жыл бұрын облыста орто-коронарлық шунттау жасалмаған, бұл бағытта осы жылы 3300 ота жасалды. Бір отаны жасау үшін 190 мың теңге кетеді. Мемлекет бөлген қаражатқа Шығыс өңірінде 400 ғана буын эндопратездеуі жасалады. Ал ұзын-сонар кезекте тұрғандардың саны мыңдаған адамға жеткен. Мұндай қымбат оталарды жасатуға барлығының жағдайы келмейді. Сондықтан қосымша қаржы көздеріне медициналық сақтандыру жүйесін қабылдау арқылы ғана қол жеткізе аламыз,-деді ШҚО бойынша «Әлеуметтік сақтандыру» АҚ директоры Болат Әлиев.

Болат Әлиевтің пікірінше, бүгінгі күні елдің медицина қызметкерлері жаңашылдыққа сақадай сай. Бірақ қаражат жетіспейтін көрінеді. Ағымдағы жылдың 26 қыркүйекке дейін медициналық сақтандыру қорына республика бойынша 12 млрд.800 теңге түскен екен. Бұл қаржы ҚР Ұлттық Банк қорында сақталған және оны Үкіметтің рұқсатынсыз жұмсауға жол берілмейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға берілген қаражат министрліктің жоспарына сәйкес тегін дәрі-дәрмектер, жедел жәрдем көліктерін сатып алуға, қымбат оталар жасауға, медициналық жедел жәрдем қызметін жандандыруға бағытталмақ.

ШҚО «Ұлттық Медициналық Ассоциация» республикалық қоғамдық ұйымы Семей қаласы бойынша филиалының президенті Найля Әлменева МӘМС жүйесін енгізу ең бірінші денсаулық сақтау саласын дамытуға қолайлы екендігін алға тартты. Бұл жүйеге көшу үшін әуелі ұзақ әрі тыңғылықты дайындық қажет екенін айтады ол. Сөз барысында Найля Сапанқызы 2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізілмек болған МӘМС жүйесі 2020 жылдан бастап жұмыс істейтінін айтып қалды. Үкіметтің бұл саясатын қолдаған қаланың бас терапевт-дәрігері Татьяна Свитич: «Сақтандыру жүйесін қолданысқа енгізбес бұрын алдағы үш жыл ішінде дайындық жұмыстары жүргізілуі орынды болар еді. Бұл уақыт халықты мейлінше дұрыс ақпараттандыруға, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, тағы басқа кемшіліктерді түзетуге жеткілікті. Қарапайым халық медициналық қызмет сапасын жақсартқаннан кейін барып сақтандыру реформасын енгізу қажет деп санайды. Бұл ретте қызмет сапасын қосымша қаражат көздерінсіз дамыту мүмкін емес екенін ескеруіміз шарт. Қысқасы, «былай тартсаң арба сынады, олай тартсаң өгіз өледінің» кейпіндеміз. Бірақ біз бұл мәселеде бір жеңнен қол, бір жағадас бас шығарып, бүкіл ел болып ауызбіршілік танытуымыз қажет. Әлем мойындаған тәжірибені енгізу арқылы өркениетті 30 елдің қатарына кіруге мүмкіндікке ие боламыз, – деді Татьяна Свитич.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Журналист заявил, что полицейские избили его во время съемки в Шымкенте

Читали: 41 data-ad-slot="1867841055"> Корреспондент телеканала приехал для создания репортажа на месте пожара, но полицейские силой …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ