Домой / Новости / Город / «МІХ-2017» турнирі үздіктерді анықтады

«МІХ-2017» турнирі үздіктерді анықтады

IMG-20171204-WA0030

Семей. 04.12. «Semeyainasy» – Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен және «Пікір – сайыс клубтарының бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылып  «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ кубогіне арналған қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге қаламыздағы «Конгресс», «Салауат», «Оратор», «Парасат», «Авиценна» зияткерлік пікір-сайыс клубтарының пікірсайысшылары қатысты. Турнирдің негізгі мақсаты- жастардың қоғамдағы белсенділігі мен азаматтық көзқарастарын қалыптастыру. Тартысқа толы дода «Микс» форматында ұйымдастырылғандықтан, әр клуб өзге команданың пікірсайысшысымен ойнауға міндеттелді. Фракцияларды таңдау жеребе тарту арқылы анықталды.

Іріктеу кезеңі мен финалдық ойындар Британдық Парламенттік форматында (БПФ) өтті. Қатысушылар сайыс барысында «Б.П Космополитизм тұлғаның еркіндігін көрсетеді деп есептейді», «Б.П Меритократия принципін қолдайды», «Б.П Білім беруден қарағанда әскерге көп көңіл бөлу маңыздырақ» деген тақырыптарды талқылап, көзқарастарын ортаға салды.

Турнир нәтижесі бойынша, «Конгресс» ИДК-ның мүшесі Елжан Қыдырханов пен «Парасат» ДК-ның жас буыны Сабина Жатақбаева жеңіс тұғырына көтеріліп, кубокты қанжығаларына байлады.  Ал «Парасат» және «Жастар дауысы» дебат клубтарының мүшелері Данияр Бейсенбеков пен Аяулым Тұрсынбаева II орынды иеленсе, Семей мемлекеттік медицина университетінің «Салауат» зияткерлік дебат клубының аға буыны Еркежан Жұмашева  мен «Парасат» пікір-сайыс ордасының мүшесі Нұрбол Алибеков үздік үштікті қорытындылады. Төрт раундтың көрсеткіші бойынша ең жоғары балл жинаған 16 спикер арасында Линкольн-Дуглас (ЛД) форматында үздік өнер көрсеткен Бақыт Қарабекова «Ең үздік спикер» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар әділ төрешілігімен көзге түскен «Конгресc» ИДК-ның аға буыны Асқар Бертаев «Ең үздік төреші», ал  гранд финалда ойнаған Ғанибек Түсіпбек пен Нұрбақыт Исахан «Үздік талпыныс» номинциясына лайықты деп танылды.

Турнирдің барлық жүлдегерлері мақтау қағаздарымен марапатталып, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Около девяти млн тенге штрафа заплатит руководитель отдела в Семее за взяточничество

Читали: 14 Семей. 21.02. “Semeyainasy” – Руководитель Отдела архитектуры и градостроительства города Семей осужден за …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ