Домой / Новости / Город / Мәжіліс депутаттары Семейге келді

Мәжіліс депутаттары Семейге келді

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20180105-WA0037_edited

Семей. 05.01. “Semeyainasy” – Биылғы жылдың жоспарларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары 3-12 қаңтар аралығында елдің əр өңірін аралап,халықпен кездесулер ұйымдастыруда.

Сидней олимпиадасының чемпионы, қазіргі уақытта депутат лауазымына ие Ольга Шишигина, жерлесіміз Евгений Козлов және ҚР Парламенті Мәжілісінің экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Шавхат Әнесұлы Семейге келіп, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында кәсіпорын жетекшілерімен, Семей қаласы мәслихатының депутаттарымен және басқа да лауазымды тұлғалармен жүздесті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісов:

Біздің мақсатымыз – ел мен қала өміріндегі маңызды мәселерді талқылап, жергілікті билік өкілдерінің пікірін тыңдау. Айтылған ұсыныстарды Парламент отырысында көтеріп, осы сұрақтар төңірегінде кейбір заңдарға түзетулер енгізбекпіз.

Кездесу барысында палигон, «Нұрлы жер» бағдарламасы, ауыл шаруашылығы, спорт мəселелеріне қатысты түйткілді сұрақтар қойылып, қоғамда резонанс тудыртып жатқан мәселелер талқыланды.

Жиын соңында, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары айтылған барлық ұсыныстарды ескеріп, шешімін табуға атсалысатындарын жеткізді. Көтерілген бірқатар мәселелерді заң жүзінде зерттеп, бақылауға алуға уәде берді.

 

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В ВКО подвели итоги Года волонтера

Читали: 33 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 20.01. “Semeyainasy” – Сегодня на расширенном аппаратном совещании под председательством главы …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ