Домой / Новости / ВКО / «Мәңгілік ел – қазақстандық патриотизм негізі» атты әскери- патриоттық форум өтті

«Мәңгілік ел – қазақстандық патриотизм негізі» атты әскери- патриоттық форум өтті

data-ad-slot="1867841055">

FullSizeRender-13-02-18-07-25-3

Семей 13.02 «Semeyainasy» – Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына биыл 29 жыл болады. Соғысқа Семей аймағынан 1185 жауынгер аттанса, оның 44-і елге орамалмаған, 2 адам хабарсыз кеткен.
Осы датаға орай, №21 мектепте Шығыс өңірлік қолбашылығы, Гарнизондық офицерлер үйінің ұжымы және Қорғаныс істер жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – қазақстандық патриотизм негізі» атты әскери-патриоттық форум өтті.
Шараның мақсаты – «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектептегі патриоттық тәрбие жұмысын жандандыру және оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Ардагерлер, білім бөлімінің мамандары, Шығыс өңірлік қолбашылығының, сондай-ақ Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының басшылығы кеш қонақтары қатарынан табылды.
Форумды №21 мектептің директоры Тоқтарбек Зейнелов құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар Төкен Борисұлының соғыс кезіндегі ерлігі жөнінде сыр шертетін «Қара майор» атты деректі фильмге шолу жасалды. Мектеп оқушыларының тұрғындар арасында «Патриот деген кім?», «Сіз еліңіздің патриотысыз ба?» атты сауалнамаларына орай түсірілген бейнежазбалары көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Айта кетейік, форум 4 бөлімді қамтыды. Бірінші бөлімде оқушылар «Мәңгілік ел – қазақстандық патриотизм негізі» атты қабырға газетін қорғаса, екінші бөлімде автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау жарысы өткізілді. Келесі бөлімде олар қару- жарақты жарақтау бойынша сайысқа түсті. Оған қоса оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарға мамандар тарапынан жауаптар алды.

FullSizeRender-13-02-18-07-25-3

Қабырға газеті қортындысы бойынша, І орынды №21 мектептің командасы иеленсе, ІІ орын №34 мектепке бұйырды. Жүлделі ІІІ орынға №39 мектеп командасы лайық деп танылды. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау сайысының қортындысына сәйкес, №34 мектеп алғащқы орыннан көрінсе, №22 мектеп оқушылары ІІ орынды еншіледі. Үздік үштікті №39 мектеп командасы қорытындылады. Оқ жарақтау жарысы бойынша бас жүлдені №21 мектеп қанжығасына байласа, №48 және №41 мектеп командалары жүлделі орындарды өзара бөлісті.
Асель Қайырбекова

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Около 20% жителей ВКО планируют привить от коронавируса

Читали: 50 data-ad-slot="1867841055"> Семей.19.01.”Semeyainasy” – В Казахстане, в том числе в Восточном регионе, вакцинация против …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ