Домой / Новости / Город / Надежда Недосекова өз сұлулығының сырын ашты

Надежда Недосекова өз сұлулығының сырын ашты

20190512_093231

Семей. 12.05.»Semeyainasy» — «Сұлулық — әлемді құтқарады» демекші, нәзік жандылардың барлығы әдемілікке әуес келеді. Көрікті, тартымды, ерекше болу үшін қыз баланың бойынды қандай қасиеттер болуы керек? Сұлулықтың сыры жайлы – «Мисс Қазақстан» — II вице-мисс атанған Недосекова Надеждадан алынған сұхбатқа тоқталсақ:

— Сұлулығыңыздың сыры неде? Өзіндік образды қалай қалыптастыруға болады? — Сұлулығымның сыры – келісті келбет, физикалық норма, энергия және дұрыс тамақтану. Осы айтылғандардың барлығын үнемі нормада сақтау үшін: кей күндердегі фототүсірілімдер болмағанда, күн сайын жаттығу залына барып дайындаламын. Сонымен қатар, ат үстінде жүргенді ұнатамын. Жасап жатқан жұмыстарымнынң барлығы сұлулық үшін. Бала кезімнен би билегенді жақсы көретінмен. Менің ойымша мен би билеу арқылы сахнағы жақын болып өстім. Менің жеке тұлға болып қалыптасуыма бірден-бір себепкер ол – бимен айналысу. Және болашақта немен айналыса алатынымды айқындап берді.

— Марапатқа қалай жеттіңіз? — Мен үшін табыс кілті ол үнемі жұмыс істеу,қозғалыста болу,өз- өзіңді жетілдіру. Жұмыс істеу арқылы біз – табысқа жете аламыз, бақытты бола аламыз. Әрдайым еңбекте, ізденісте болсаңыз жетістікке де, жеңіске де жететініміз анық қой.

— Әйелдер қауымынан кумиріңіз бар ма? — Әрине, бар ол менің – тәтем. Ол кісі – ашық-жарқын, өмірлік энергия мол, жігерл адам. Ең бастысы әрдайым алдына мақсат қойып, сол арманға жету үшін аянбай тер төгеді. Міне, осысымен маған қатты ұнайды әрі мақтан етемін.

— Әрбір байқаудың сыни сәттері болады. Сондай кездер басыңызға түскенде қалай жол таптыңыз? — Әрине, кез келген істің өзіндік кемшіліктер болады. Ең алдымен адам өз өзін жоғалтып алмау қажет. Сонда ғана адам өмірден көп нәрсе ала алады, биік шыңдарға шыға алады.

— Өмірлік ұстанымыңыз? — Негізінен, өмірлік ұраным «Бақытты адам – ақылды адам». Кез келген жағдайда адамгершілікті сақтап, өз бойымыздағы бар жақсы қасиеттермен бөлісіп отыруымыз қажет. Ешқашан межеленген мақсаттан бас тартпаңыз. Өмірде ең бастысы — еңбек пен даму.

– Арнайы уақытыңызды бөліп сұхбат бергеңізге көп рахмет!

Аружан Каленова

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

IMG-20190516-WA0005

Семей мектептеріне әйгілі тұлғалардың аты беріледі

Семей.17.05.»Semeyainasy» — Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері, соңғы үш жылда ономастика саласында …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ