Домой / Новости / Город / Осы оқу жылында 2,5 және 7 сыныптың оқушылары жаңартылған оқулықтармен оқиды

Осы оқу жылында 2,5 және 7 сыныптың оқушылары жаңартылған оқулықтармен оқиды

data-ad-slot="1867841055">

index

Семей.24.07. “Semeyainasy” – Осы оқу жылында 2,5 және 7 сыныптың оқушылары барлық пәннен жаңа оқу бағдарламасымен жазылған оқулықтарға ауысады. Сондай-ақ 1-2 сынып оқушылары жаңа оқу дәптерлерімен қамтамсыз етіледі. «Бұл жаңа оқу бағдарламасына көшудің алғашқы қадамдары. Келер оқу жылында өзге сыныптардың оқулықтары жаңартылады. Біртіндеп 2020 жылға қарай барлық сынып оқушылары жаңа бағдарламамен басылған оқулықтардан білім алатын болады», – дейді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Оразбекова.

Бұл бағытта Семей өңіріне 304 млн. теңге қаржы бөлінген. Жаңа оқулықтар «Атамұра», «Алматы кітап», «Мектеп», «Арман» секілді баспалардан жарық көрген. «Көкжиек-Гаризонт» атты жаңа баспаның оқулықтары да осы оқу жылында пайдалануға берілетінін атап өткен жөн. Жаңа оқулықтар 15-ші тамызға дейін қала мектептеріне жеткізілмек.

Ә. Айбеков

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Посылка с наркотиками

Читали: 63 data-ad-slot="1867841055"> Семей.15.01 «Semeyainasy» – Сотрудниками учреждения ОВ-156/18 Департамента уголовно-исполнительной системы по Восточно-Казахстанской области …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ