Последние новости
Домой / Новости / Город / Полиция қызметкерлері нысана көздеді

Полиция қызметкерлері нысана көздеді

data-ad-slot="1867841055">

2017 жылдың 24 мамыры күні «Динамо» атыс тирінде Семей қалалық ішкі істер басқармасының қызметтері мен бөлімдері қызметкерлерінің арасында қызметтік қару «Макаров» тапаншасынан оқ атудан жарыс өткізілді.  Жарысқа Әуезов, Затон, Орталық полиция бөлімдерінен, ЖППБ, ЖППР, ІІБ аппаратынан, ЖҚАЖ ерлермен бірге әйел қызметкерлер де қатысты.

Іс-шара  табельдік қарудан ату дағдыларын жақсарту үшін ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлерінің табысты жұмысы, олардың жалпы жауынгерлік дайындығына және мергендігіне тікелей байланысты.

Қыздар 3 реттен 5 сынақ, ерлер 5 реттен 5 сынақ бойынша атты.

Мергендіктерін сынаған ару қыздардың ішінен Орталық ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция капитаны Зухра Валитова 93 ұпай санымен  1 орынды иеленсе, 2 орынды 76 ұпаймен Затон ПБ тергеушісі полиция лейтенанты Дана Жандалинова жеңіп алды, 73 ұпаймен Әуезов ПБ аға анықтаушысы полиция майоры Арайлым Калиева 3 орынды еншіледі.

Жарыс қорытындысында ерлер арасында Макаров тапаншасынан ату бойынша 202 ұпай жинаған Жедел криминалистика бөлімінің криминалисі полиция аға лейтенанты Данияр Даирбеков үшінші орынды, 203 ұпаймен ЖҚАЖ инспекторы полиция капитаны Мейіржан Темірханов екінші орынды, 223 ұпаймен арнайы даярлық бөлімшесінің инспекторы полиция майоры Серік Сыздықов 1 орынды иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен грамоталар табыс етілді.

Енді осы қызметкерлер «Макаров» тапаншасынан оқ атудан ШҚО ІІД өтетін облыстық біріншілік жарыста Семей қ.ІІБ намысын қорғайды.

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В Восточном Казахстане состоялось открытие литературной выставки «30 лет созидания – 30 лет достижений»

Читали: 42 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 27.01. “Semeyainasy” – Открытие праздничной литературной экспозиции, посвященной 30-летию независимости Казахстана, …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ