Домой / Новости / Город / Полиция қызметкерлері қайырымдылық акциясына қатысты —

Полиция қызметкерлері қайырымдылық акциясына қатысты —

data-ad-slot="1867841055">

IMG_1432
Семей.21.02.”Semeyainasy” – Қазіргі таңда қала жастары, мекемелер мен шағын бизнес өкілдері ел көлемінде өтіп жатқан «Қайырымдылық жаса» акциясы аясында тұрмысы төмен, жалғыз басты және көп балалы жанұяларға көмек қолын созуға құлшына ат салысуда.
Осы акциядан қалыс қалғысы келмеген полиция қызметкерлері де Елбасы жарлығымен бекітілген алғыс айту күні қарсаңында Полиция басқармасы қызметкерлері өздерінің ведомстволық емхана қызметкерлерімен бірге, ішкі істер органдарында қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан полиция подполковнигі жалғыз басты Төкенов Мақсұтбек ақсақалдың үйіне барып, көктем алдында ауланы қыс бойы жиналып қалған қардан тазаласа, ақ халатты абзал жандар ІІО зейнеткерлеріне тегін әлеуметтік көмек көрсету бойынша қайырымдылық «Алғыс бата ал» акциясы негізінде медициналық қызмет көрсетіп, күнделікті тұрмысқа қажетті заттар мен дәрі-дәрмектерді тарту етті.
Қария полиция қызметкерлерінің бұл жәрдемі маңызды және қомақты екенін айта келе, ШҚО ПД Емханасы бар госпиталінің дәрігер-терапевті Майра Төлеуғалиқызына және полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметі

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В ВКО презентовали Дорожную Карту по комплексному решению экологических проблем

Читали: 38 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 24.11. “Semeyainasy” –  В Дорожную карту включены мероприятия по продвижению вопросов …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ