Домой / Новости / ВКО / Семейге Жапонияның “Soka Gakkai International “(SGI) бітімгершілік ұйымының өкілдері келді

Семейге Жапонияның “Soka Gakkai International “(SGI) бітімгершілік ұйымының өкілдері келді

Семей. 07.10. “Semeyainasy” – SGI атқарушы директоры Хироцугу Тэрасаки ағымдағы жылы Семей полигонындағы ядролық сынақтардың тоқтатылуына 30 жыл және Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ туралы шарттың күшіне енуіне 10 жыл толғанын атап өтті. Бұл екі айтулы күнге елордада өтетін халықаралық көрме арналған. Көрме ашылар алдында жапон делегациясы Курчатов және Семей қалаларында болды.

– Көрмеде ядролық жарылыстардың зардаптары, қираулар мен адам құрбандары, радиоактивті залалдану аймақтары, Хиросима мен Нагасакидің тарихы, ядролық қарусыздану үшін қозғалыс көшбасшыларының жетістіктеріне және әрине, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей сынақ полигонын жабу туралы тарихи шешіміне арналған стендтер жасаған ғылыми жаңалықтар мен прогрессивті идеялар көрініс таппақ, – деді Хироцугу Тэрасаки. – Қазақстанда құрылған “Невада – Семей” қозғалысы ядролық сынақтарды тоқтатуға және ядролық қарудың өзін жоюға бағытталған күш-жігердің ауқымы бойынша жаһандық деңгейге шыққаны белгілі. Бұл қозғалыс, этникалық және әлеуметтік айырмашылықтарға қарамастан,  адамдарды біріктірген, адамзатты ұғынуға шақыратын қуатты күшке айналды.

Алғаш рет сынаққа тыйым салу, арсеналдарды қысқарту бойынша күш-жігерге арналған жылжымалы көрме Хиросима қаласында 2012 жылдың тамыз айында көрсетілді. 2013 жылдың сәуір айында ол Женевадағы БҰҰ Еуропалық штаб-пәтерінде және ядролық қарусыздану жөніндегі конференцияларда, түрлі елдердің оқу орындарында көрсетілді. Экспозиция әлемнің 20 елінің 90 қаласында болды.

Курчатов қаласында жапон делегациясы “Опытное поле” алаңында, Ұлттық ядролық орталықтың мұражайында болды. Семейде халықаралық ұйым өкілдері ядролық медицина және онкология орталығының, медициналық университеттің жұмысымен танысып, Бейбітшілік аралына барды.

Хироцугу Тэрасакидің айтуынша, келесі жылы жылжымалы көрме Семейде өтеді.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

От Levi

Посмотрите также...

Куда жаловаться на ложную выдачу лекарств

Читали: 14 Семей. 15.10. “Semeyainasy” – Запущенный в Казахстане электронный паспорт здоровья (ЭПЗ) поможет прекратить …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ