Последние новости
Домой / Новости / Город / Семейге тарихи-мәдени экспедициясы келді

Семейге тарихи-мәдени экспедициясы келді

Семей.12.10.”Semeyainasy”-Олар Абай атындағы кітапханада қалалық белсенді жастармен және этно-мәдени бірлестіктермен кездесті.

Бұл экспедиция Павлодар облысынан өтіп, енді ШҚО-ға келді. Кездесу барысында экспедицияға қатысушылар саяхат туралы өз әсерлерімен бөлісіп, туған жердің тарихын білу қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Экспедицияның басты мақсаты-жастарды туған өлкенің тарихымен таныстыру және өскелең ұрпаққа патриоттық сезімді тәрбиелеу.

-“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Олардың бірі-біздің экспедиция. Біздің мақсат тек бағыт бойынша жүріп қана қоймай, тарихты танып, жастарға патриоттық тәрбие беру. Біздің экспедицияның барлық қатысушылары – әр түрлі конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары. Экспедиция кезінде біз фото-бейне түсіреміз және барлық осы ақпаратты әлеуметтік желілерге таратамыз. Осылайша бізбен бірге көптеген жазылушыларымыз да бірге саяхаттайды, – дейді Қарағанды облысы әкімдігі аппараты жанындағы “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Ерлан Құсайынов.

Осы уақыт ішінде экспедицияға қатысушылар көптеген тарихи және маңызды жерлерге барады.

-Экспедиция қорытындысы бойынша брифингтер өткізіліп, телевизиялық бағдарламалар түсіріледі. Онда қатысушылардың әрқайсысы сапар туралы өз әсерлерімен бөліседі, – деп түйіндеді Ерлан Құсайынов.

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Полиция Семея проводит прием граждан

Читали: 26 Семей. 16.11. “Semeyainasy”-15 и 16 ноября на территории республики проводится очередной восьмой этап …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ