Последние новости
Домой / Новости / Город / Семейге шоғырланды жаңа Серпін

Семейге шоғырланды жаңа Серпін

Семей. 16.09.2019. “Semeyainasy”. Семей қаласының Шәкәрім униерситетінде «Мәңгілік ел жастары- индустрияға» «Серпін 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алушы студент жастармен кездесу өтті.Кездесуге Семей қаласы әкімі Садырбаев Айдар Серікқазыұлы,ШҚО ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Балтабеков Еркебұлан Сайлаубекұлы,ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Есімбекова Арайлым Керімбекқызы қатысты.

  «Серпін 2050»  бағдарламасының мақсаты халық тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған Қазақстанның шығыс,солтүстік және орталық өңірлерінде оқытып,жұмысқа орналастыру болып табылады.2014 жылы бастауын алған бұл бағдарлама әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатыр.Серпін әлеуметтік бағдарламасы арқылы Семей қаласына  1775 студент оқуға қабылданды,оның 222 студенті 1 курста оқиды,биыл қаламыздағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіне 80 талапкер қабылданды.Қазақ иноватциялық гуманитарлық заң университетіне 30 талапкер оқиды.Қаламыздағы 8 коледж бойынша 110 студент оқуға түсті.Атап айтатын болсақ Мұхтар Әуезов коледжіне 50 талапкер,электыр техникалық коледжде 15 талапкер,көлік коледжында  20 талапкер,Семей медицина коледжында 20 ға жұық талапкер білім алып жатыр.

  «Кездесудің негізгі мақсаты өзге өңірлірден Семей қаласына келген жастарды қаламыздың тыныс-тіршілігіне  қоғамдық саяси өміріне белсене ат салысуға шақыру.Сонымен қатар жастардың түрлі оқу орындарындағы ақуалын білу.Барлығына жатақхана жеткіліктіме,серпіндік студенттерді оқу орнында ешкім бөлмейма,басқа қандай әлеуметтік тұрмыстық проблемалар бар осы сұрақтарды қарастыратын боламыз. Бүгінгі жиын барысында Серпін жастарының арасынан өзара көш басшысын тағайындап,осы арқылы қаламыздағы  түрлі ұйымдарға қабылдаймыз»,-деді Семей қаласының жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай.

  Кездесуден кейін қала әкімінің орынбасары Айдар Серікқазыұлы «Серпін» бағдарламасымен оқуға түскен студенттердің тұрмыс жағдайларымен танысу үшін,бірнеше жатақханаларды аралап шықты.Студенттердің жағдайларымен танысып,барлық мүмкіндіктер жасалғанын айтты.

Нұрзат ҒАЛБИЯТ

От Levi

Посмотрите также...

В преддверие Дня Независимости в Семее откроется уникальный культурно-спортивный комплекс

Читали: 61 Семей. 13.12. “Semeyainasy” – Строительство многофункционального комплекса началось два года назад в микрорайоне …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ