Домой / Новости / Город / Семейдегі жол үсті өткелін қайта жөндеу жұмыстары басталды

Семейдегі жол үсті өткелін қайта жөндеу жұмыстары басталды

data-ad-slot="1867841055">

DSC_0181

Семей.11.08. “Semeyainasy” – Орталық алаңда 2014 жылы қолға алынған жол үсті өткелінің құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін аяқсыз тұр. Көпірдің құр қаңқасына қала тұрғындарының көзі үйреніп те қалғандай. Дегенмен осы жолы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жағымды жаңалық айтып, жол үсті өткелінің құрылыс жұмыстарын аяқтауға қазынадан 37 млн теңге бөлінгенін жеткізді.

– Мердігер мекеме «Металлист» ЖШС жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Биылғы жылы жер үсті өткелінің жоғарғы бөлігі мен баспалдақтары ғана жөндеуден өтеді. Жоба осыдан үш жыл бұрын қолға алынғандықтан құрылыс материалдарының бағасында айырмашылықтар бар. Сондықтан жедел саты орнату мәселесі кейінге шегерілді, – дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Серғазинов.

Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылы бұл жобаға бюджеттен 69 млн теңге қаржы бөлінген болатын. Алайда сол кездегі мердігер мекеме «ИнтерМастер» ЖШС 27 млн. теңгенің ғана жұмысын атқарып, қаржы аяқталғаннан кейін жұмысты тоқтатқан.

Десе де қайта жанданған көпір жұмысының таяу уақытта аяқталар түрі жоқ. Мердігер мекеме де құрылыс жұмыстарын биыл бітіруге асығар емес. Сондықтан №6 мектеп-гимназиясының оқушылары жаңа оқу жылында жер үсті өткелін пайдаланады деп айту қиын.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Два юных жителя города семей спасли при пожаре хозяйку дома

Читали: 37 data-ad-slot="1867841055"> Семей.22.01.”Semeyainasy”-  21 января около часа ночи  на пульт оперативной службы Отряда города …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ