Домой / Новости / ВКО / Семейде алаяқтық қылмыс саны көбейіп келеді

Семейде алаяқтық қылмыс саны көбейіп келеді

data-ad-slot="1867841055">

_________1

Ағымдағы жылдың 11 айы ішінде Семей қаласының Ішкі істер басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 532 өтініш келіп түскен. Бұл былтырғы 2016 жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстың саны 99 фактіге артқанын көрсетеді. Барлық өтініштер қарастырылып, қазіргі уақытта тиісті шаралар атқарылуда.

Қазіргі уақытта ақпараттық-технологиялар саласындағы қылмыстар кең тараған. Ғаламтор, электронды пошта және әлеуметтік желі арқылы жасалатын хакерлік қылмыстар өз кезегінде халықты зиняға ұшыратуда. Әдетте мұндай қылмысты жасаушылар адамдармен тез тіл табысу қасиеттеріне ие.

Алаяқтардың бір тобы тұрғындарды телефон арқылы алдаса, енді бірі «OLX», «Колеса» сынды интернет желілерінде жалған сауда жасап, пайда табуда. Жалған дерекке сеніп, қыруар қаражатты белгісіз адамның есепшотына аударған тұрғындар осы орайда полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, «Киви-кошелек» төлем жүйесін пайдалану арқылы жасалған алаяқтық фактілерінің 78 оқиғасында басқа қалалардан қоңырау шалынған. Есепшоттар ел аумағынан тыс орналасқандықтан, оларды құрықтау қиынға түсіп отыр.

Адамдар қуаныш үстінде қолда бар ақшасын еш дәлелдемесіз бөтен біреуге беруге дайын болады. Олай дейтін себебіміз, 1985 жылы туған Бөгембайұлы көшесінің тұрғынының қалта телефонына осыдан екі апта бұрын «Самсунг» ұялы телефоны мен «Лада-Гранта» автокөлігін ұтып алғаны туралы хабарлама келіп түскен және ол сыйлықты алу үшін қайырымдылық қорына ақша аударуы керек болған. Қуанышты хабарға есі кете алданған азамат Әуезов даңғылындағы дүкендердің бірінен терминал арқылы қомақты қаражат салып жіберген.

Алаяқтардың құрығына түскен тағы бір кейіпкер – Шәкәрім даңғылының тұрғыны, зейнеткер Серіков. Оған 6 сәуір күні сағат 22:00 ден 23:00 аралығында белгісіз біреу хабарласып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Оның Новосібір қаласында тұратын ұлы Андрейдің абақтыда отырғанын хабарлап, босап шығуы үшін 1000 АҚШ долларын бопсалаған. Зейнеткер болса 200 000 теңгесі мен екі жүз АҚШ долларын бейтаныс жігіттің қолына табыс етіпті.

Мұндай адамдар әдетте кез келген адамға қоңырау шалып, жақын адамының қиын жағдайға тап болғаны жөнінде ескертіп, жедел түрде ақша аударуды сұрайды. Осылайша өз миссиясын орындап, күдік келтіретін барлық айғақтардың көзін құртады. Егер сізге бөтен адам жақыныңыздың күрмеуі қиын мәселеге ұшырағанын айтып хабарласса, әуелі сол адамға қоңырау шалып, мәселенің анық-қанығына көз жеткізгеніңіз абзал.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Даниал Ахметов создал рабочую комиссию для рассмотрения вопросов госзакупа

Читали: 31 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 03.06. “Semeyainasy” – Сегодня под руководством акима Восточного Казахстана состоялось совещание, …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ