Домой / Новости / Город / Семейде аспалы көпір жөндеуден өтуде

Семейде аспалы көпір жөндеуден өтуде

Семей. 06.09.”Semeyainasy”.Жақында қала тұрғындары жаңа көпірде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы пікір білдіре бастады. Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұмановтың айтуынша, көпір шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал жақын арада асфальттың жаңа қабаты салынады.
82e136cf-209a-44fa-acd6-1ecb60c2d4e2
– Семей қаласының аспалы көпірі 10 жыл бойы облыстың көлік және автомобиль жолдары басқармасының қарамағындв болған. Биыл оны Семей қаласына тапсырды. Көпірді күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды. Жұмысқа шетелдік компания тартылды. Олар 10 қыркүйектен жұмысқа кіріспек. Ал, әзірге көпірді толығымен тазалау жұмыстары жүргізілуде, – деді Жұманов.
9564ef92-bde1-48f7-9d74-c2cf6fcd1604
Жөндеу жұмыстарын 10 қыркүйектен кейін аяқтау жоспарланып отыр. Кепілдік мерзімі- 1 жыл. Осы уақыт ішінде жұмыстың қаншалықты сапалы жүргізілгенін көруге болады. Ал келесі жылы көпірдің орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Себебі аспалы көпірде 20 жыл бойы толық жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Семей қаласының ақпараттық орталығы

От Levi

Посмотрите также...

В РгК «Восток» стартовали международные военные учения

Читали: 11 Семей. 16.09.2019. Стартовали оперативно-тактические командно-штабные учения «Шығыс-2019». На строевом плацу учебного центра «Шығыс» …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ