Домой / Новости / Город / СЕМЕЙДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

СЕМЕЙДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

pole_15

Семей.18.09. «Semeyainasy» — Cемейде күзгі жиын-терім науқанында алқаптарға 200-ден астам техника күші жұмылдырылды, — 24kz хабарлайды.
Бүгінгі күнге дейін қамбаға 540 мың тонна астық бастырылып, құйылды. Сондай-ақ 20 мың тонна картоп және 19 мың тонна көкөніс жиналды. Шаруалар келесі айдың орта тұсына дейін барлық өнім түрлерін жинап, егін оруды тамамдауды мақсат етіп отыр. Бұнымен қатар мал азығын дайындау жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 80 мың тоннадан астам жем-шөп дайындалыпты. Атап өту керек, Семей маңында 12 мың гектар егін алқабы бар.

— Күзгі астық өнімдерін жинау науқанына дейін техникалардың барлығы 100 пайызға дайындалған болатын. Шаруа қожалықтарына дизель отындары төменгі бағамен берілді. Бүгінде 325 тонна дизель бөлініп отыр. Биыл егіннің жақсы шығуына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды, — дейді Семей қаласы ауылшаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Тоқтарғажы Стамбеков.

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

DSCN0509

Семейде «Депутаттар аллеясы» бар

Семей.16.10. «Semeyainasy» — Халық қалаулылары облыстық және қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаттарымен бірлесіп, Ұшақтар кентінде бой …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ