Домой / Новости / Город / Семейде “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” акциясы өтті

Семейде “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” акциясы өтті

акция ЦОН (4)

Семей.05.04.”Semeyainasy” – Семейде “Шығыс – Адалдық алаңы” жобасы аясында”Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз”акциясы өтті. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткен іс-шараға 50-ге жуық адам қатысты.

Ұйымдастырушылар акцияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын түсіндіру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру екенін айтты.
– Біз акция барысында тұрғындармен әңгімелесіп, ақпарат жинап,әрі қарай талдау жасайтын боламыз. ХҚКО ұжымымен танысып, мекеме ішінде қандай алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын және ғимаратта қанша бейнекамера бар екенін білеміз, – деді Жастар ресурстық орталығының заңгер-кеңесшісі Асхат Асқаров.

Семейдегі Мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы былтырғы жылы ашылған болатын. Мұнда қала тұрғындары қысқа мерзімде жүргізуші куәлігін алып, өз автокөліктерін тіркей алады. Мамандардың айтуынша аталған қызметтерді екі сағат ішінде рәсімдеуге болады.

Акция қатысушыларын орталықтың жұмысымен таныстырған мемлекеттік автоинспектор Ерлан Мұхамеджанов мекемеде автодром бар екенін жеткізді. Барлық жүйе автоматтандырылған. Жол жүру куәлігін алғысы келгендер емтиханды нұсқаушы көмегінсіз жалғыз тапсырады. Автомобильдің сыртында және ішінде бейнекамералар бар
Акция барысында қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және “Жас Отан” жастар қанатының белсенділері ХҚКО келушілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы 200-ден астам ақпараттық парақша тараттты.

Бұл акцияның бастамашысы облыстық жастар ресурстық орталығы болып табылады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

DSC_0802 (2)

Бизнесмены запросили у города полосу в 3 метра под бизнес и благоустройство

Семей.20.07.”Semeyainasy” – Аким города Ермак Салимов посетил стоматологическую поликлинику «White Dent», где вниманию главы города …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ