Домой / Новости / Город / Семейде «Депутаттар аллеясы» бар

Семейде «Депутаттар аллеясы» бар

data-ad-slot="1867841055">

DSCN0509

Семей.16.10. “Semeyainasy” – Халық қалаулылары облыстық және қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаттарымен бірлесіп, Ұшақтар кентінде бой көтерген жаңа мектеп маңына көшеттер отырғызды. Бұл аумақ енді «Депутаттар аллеясы» деп аталады.

Семей қаласының тұрғыны Рафаил Абузяров – 20 жыл бойы қалалық мәслихатта еңбек еткен халық қалаулысы. Мәслихаттың екінші шақырылымында 4 рет депутат болып сайланса, екі мәрте хатшылық қызмет атқарған. Ел қамын жеген халық қалаулыларымен бірге ағаш отырғызуға келген экс-депутат қиын күндер артта қалып, асыл аймағымыз күн санап көркейіп келе жатқанын тілге тиек етті.

– «Депутаттар аллеясын» жасау идеясының жүзеге асып жатқаны көңіл қуантады. Себебі аллеяда отырғызылған жасыл желектер арқылы өзіміз жайлы естеліктер қалдырамыз. Біз мәңгілік емеспіз, ал бұл теректер жайқалып өсе береді. Тек бұл мақсатта емес, сондай-ақ игі шара қаланы көгалдандыруға да бағытталды, – дейді Семей қаласы мәслихаты екінші шақырылымының депутаты Рафаил Абузяров.

Айта кетейік «Депутаттар аллеясына» пирамида іспеттес 40 терек отырғызылды. 40 метр биіктікке дейін өсетін теректер Семей қаласының климатына бейім, яғни қыстың ызғарлы күндеріне төзімді. Ал жасыл желекті суғару, күтіп-баптау жұмыстарын халық қалаулылары өздері жүргізбек.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Казахстанцам заплатят 34 миллиона тенге за сообщения о взятках

Читали: 49 data-ad-slot="1867841055"> Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов Семей.03.03.”Semeyainasy” – Антикоррупционная служба может выплатить почти 34 миллиона …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ