Домой / Новости / Город / Семейде дәстүрлі бал жәрмеңкесі өтеді

Семейде дәстүрлі бал жәрмеңкесі өтеді

data-ad-slot="1867841055">

166576

Семей.14.08. “Semeyainasy” – Семейде 19 тамыз күні «Медово-яблочный спас» атты дәстүрлі бал жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Бородулиха, Шемонаиха аудандарымен қатар семейлік омарташылар да қатыспақ. Отыздан астам омарташының өнімдері қойылатын дәстүрлі бал мерекесі жылдағыдай Орталық саябақта, сағат 10.00- де басталады.

Осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеде тұрғындар әдеттегідей түрлі бал өнімдерінің дәмін татып, қалағанын арзан бағада сатып ала алады. Сондай-ақ жаңа піскен жеміс-жидектердің де жәрмеңкеге қойылатын айта кеткен жөн.

-Жәрмеңкеге өңірдің түкпір-түкпірінен келген ара өсірушілер, соның ішінде Бородулиха, Шемонаиха аудандары мен Семейлік омарташылар да қатысып, өз өнімдерін тұтынушыларға ұсынатын болады. Бау-бақша өнімдері де жәрмеңкенің көрігін қыздыра түседі деп ойлаймыз. Жәрмеңкеге қойылатын өнімдердің барлығы табиғи өнімдер екенін де баса айтқымыз келеді, – дейді жәрмеңкені ұйымдастырушылар.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В ВКО выявлено 19 нарушений ограничительных мер

Читали: 34 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 14.04. “Semeyainasy” – Работа мониторинговых групп по соблюдению санитарно-эпидемиологических требований продолжается. …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ