Домой / Новости / Город / Семейде жастар мәслихаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр

Семейде жастар мәслихаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр

data-ad-slot="1867841055">

20170929_092314

Семей.29.09. “Semeyainasy” – Бүгін Шығыс Қазақстан облысы бойынша 500 сайлау учаскесінде ШҚО жастар мәслихаты депутаттарының сайлауы өтті. Семейдегі төрт жоғарғы оқу орны мен 28 колледждің белсенді студенттері де маңызды шарадан шет қалмай, өз үміткерлерін ұсынып жатыр.

Жастар мәслихаты депутаттарының сайлауын ел тарихында алғаш рет Шығыс Қазақстан облысы қолға алып отыр. Облысымыздағы барлық аудандар мен қалаларда таңғы тоғыздан бастап сайлау алды бағдарламаларын ұсынған 1000-ға тарта үміткер өзара бақ сынауда.

Семей қаласы бойынша 94 студент ШҚО жастар мәслихаты депутаттығына үміткер. Сайлау үш түрлі форматта ұйымдастырылған. (Ашық сайлау, онлайн дауыс беру және әлеуметтік желі арқылы). Ал Семей қаласы бойынша 4 үміткердің кандидатурасы кеше, 28 қыркүйек күні сағат 18.00-ден бастау алған әлеуметтік желі арқылы дауыс беру жүйесі бойынша анықталуда.

– Жастар мәслихатын құрудағы мақсатымыз – жастардың қоғамдағы азаматтық белсенділігін арттырып, жастар арасындағы түйіні шешілмеген мәселерді өздерінің шешуіне ықпал ету. Ең бастысы жастардың кадрлық резервін даярлау. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары 1 ай көлемінде жүрді. Бізді қуантатыны – жастар өте белсенді жұмыс істеуде, – дейді ШҚО ішкі саясат басқармасы жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова

Айта кетейік, тек 409 үміткер ғана жастар мәслихаты депутаттығына сайлана алады.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Сегодня отмечается «Всемирный день Битлз».

Читали: 36 data-ad-slot="1867841055"> Семей.16.01.”Semeyainasy” – Сегодня, 16 января, миллионы фанатов The Beatles и просто меломанов …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ