Домой / Новости / Город / Семейде жас сарбаздар ант қабылдады

Семейде жас сарбаздар ант қабылдады

data-ad-slot="1867841055">

20170715_100903

Семей. 17.07. “Semeyainasy” – Орталық алаңда ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің 200-ге жуық жас сарбазы ант қабылдады. Осы жолы да, әдеттегідей, Семей өңірінің сарбаздары еліміздің оңтүстігінен – Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан келген жас әскерилермен толықты.

ҚР Ұлттық Ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Н. Айткешовтің айтуынша, бұл жас сарбаздардың міндеті қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалау және түзету мекемелерін күзету болмақ.

Шараға шаһар басшысы Ермак Сәлім арнайы келіп, әскерилерді ант қабылдау рәсімімен құттықтады:

– Бүгін қаламыздың қоғамдық өмірінде – айқын оқиға, ұлттық гвардия қатары жас әскери қызметшілермен толықтырылды. Олар халық пен ҚР Президентіне адал қызмет етуге ант қабылдады. Қоғамдық тәртіпті қорғау, Отанды қорғау – жас әскерилердің негізі міндеті болатынына қала әкімі ретінде сенім білдіремін. Осы міндетті абыроймен жүзеге асыруға командирлер мен бөлім басшылары көмектеседі деп ойлаймын. ҚР қызмет етуде биік жетістіктерге жете беруге тілектеспін, – деді Е. Сәлімов.

Ант қабылдау рәсіміне оңтүстіктен арнайы келген ата-аналар да көп болды. «Бұл менің Семей қаласына алғаш рет келуім. 5511 әскери бөліміне кіргеннен кейін өзімнің әскер қатарына қабылданғанымды сезіндім. Бүгін Семей жерінде Отан алдындағы борышымды адал атқаруға ант бердім және оны іс жүзінде орындауға бар күш-жігерімді саламын», – дейді Алматы облысы Райымбек ауданы Саржал ауылынан келген жас сарбаз Азамат Ерболатұлы.

А. Айбеков

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Найдены останки самого большого динозавра в истории Земли

Читали: 44 data-ad-slot="1867841055">  22 января 2021, 21:05  Фото: The world news platform Семей.23.01.”Semeyainasy” – Останки гигантского …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ