Домой / Новости / Город / Семейде зейнеткерлерге арналып скандинавиялық жүріс секциясы ашылды

Семейде зейнеткерлерге арналып скандинавиялық жүріс секциясы ашылды

data-ad-slot="1867841055">

ходьба

Семей. 13.03. “Semeyainasy” – Соңғы жылдарда, еңбек жолын аяқтап, зейнетке шыққаннан кейін де өміріне өзгеріс әкеп жатқан жандардың қатары артып келеді. Өйткені олар жандарына жақын қандай да бір іспен әуестенеді. «Отбасы орталығы» қалалық қоғамдық қоры дәл осындай зейнеткерлерді бір жерге біріктіре білген екен. Егде адамдардың бас қосқан клубы «Екінші тыныс» деп аталады. Мұнда олар өзара әңгіме-дүкен құрып, өмірлерін әрлендірудің жаңа жолдарын іздестіреді.

Жақыннан бері мұндағы зейнеткерлер скандинавиялық жүріспен әуестене бастапты. Аптасына бір рет қариялар екі шақырымға жуық жер жүреді. Айта кетерлігі,кез –келген адам олардың қатарына қосыла алады. Скандинавиялық жүріс – әр жастағы адамдар үшін дене шынықтырудың тиімді түрі. Оған қоса, спорттың бұл түріне айтарлықтай шығын шығармайсыз. Яғни, арнайы киім сатып алудың қажеті жоқ. Жүруге арналған таяқтар болса жеткілікті. Бірақ клуб мүшелері оны да сатып алмайды. Оларға жүріс таяқтары осы жерде беріледі.

Жаттығулар да тегін. Ғалымдар дәлелдегендей, скандинавиялық жүріспен шұғылданғанда адам бұлшық етінің 90 пайызы жұмыс істейді екен. Бұл өз кезегінде денсаулыққа игі әсер етері анық. Қысқаша айтқанда, ағзаға көп салмақ салмай, өзіңізді сергек ұстап, көптеген аурулардың алдын алуға болады.
Семейлік қариялар скандинавиялық жүріспен Ертіс жағасына келіп шұғылданғанды ұнатады екен.

– Өмір бойы белсенді жұмыс атқарып, зейнетке шыққаннан кейін біз көп зерігетін болдық. Қиналып, жалғызсыраған кездеріміз де болды. Ал қазір, бәріміз осында бас қосып, осындай спорт түрімен шұғылданып жүргенімізге өте қуаныштымыз. Мұндағы қариялардың жастары да шамалас. Әңгімеміз жарасып, өмірге деген құлшынысымыз артып келеді-дейді зейнеткер Альбина Гончарова.
Клубта зейнеткерлікке жақында шыққандар да, жасы 80 –нен асқан қарттар да бар. Десе де олардың барлығының белсенділігі жоғары жандар екен.

«Отбасы орталығының» ерікті –ұйымдастырушысы Галина Голубенко клубтың алға қойған жоспарлары да көп екенін атап өтті.
-Қарттардың скандинавиялық жүріспен шұғылдануға деген құлшыныстарына дән ризамын. Менің ойымша, бұл кездесулер оң нәтиже беруі тиіс. Ең бастысы, денсаулықты сақтау және нығайту- дейді ол.

Денсаулықты жақсартудың келесі қадамы-дұрыс тамақтану мәдениеті. Бұл тақырыпқа қатысты әңгімені тамақтану институтының мамандары өрбітпек. Осы орайда олармен арнайы келісім де жасалған. Сондықтан әжелер өздерінің алға қойған мақсаттарына нық басуда. Яғни, олар деніміз сау әрі сұлу болсақ- дейді. Ал кәрілік сәл күте тұрсын.

Раиса Городецкая

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Задержан водитель автобуса в состоянии наркотического опьянения

Читали: 57 data-ad-slot="1867841055"> Семей.21.01 ” Semeyainasy” – В Восточном Казахстане за первые сутки ОПМ «Автобус» …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ