Домой / Новости / Город / Семейде “Студенттік көктем-2019” фестивалі өз мәресіне жетті

Семейде “Студенттік көктем-2019” фестивалі өз мәресіне жетті

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20190429-WA0060

Семей.30.04.”Semeyainasy” – Семейде VІІ облыстық “Студенттік көктем- 2019″ фестивалі аяқталды. Фестиваль қаланың орталық алаңында бастау алды. Мұнда облыстың жоғары және орта-арнайы оқу орындарының кәсіби бағдар алаңдары орналасқан. Барлығы 6 жоғары оқу орны мен 20-дан астам колледж қатысып, түлектерді өздерінің оқу экспонаттарымен және шығармашылық жұмыстарымен таң қалдырды.

– Бүгінгі таңда кәсіби бағдар беру алаңдарына 6000 түлек барды, – деді ШҚО ІСБ жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова.-Фестиваль өте қызықты өтті. Соңғы екі жылда біздің облыстан басқа елдерге түлектердің кетуі үш есеге төмендеді. Фестивальдің негізгі мақсаты студенттердің қоғамдағы мәдени-шығармашылық әлеуетін және орындаушылық шеберлігін арттыру, дарынды студенттерді қолдау, облыстың оқу орындарының кәсіби бағдар беру жұмысын жандандыру болып табылады.

Абай атындағы драма театрда өткен Гала-концерт фестивальдің сәтті нүктесін қойды. Жоғары оқу орындары мен колледждердің шығармашылық ұжымдары 30 – дан астам музыкалық нөмір ұсынды. Бес номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды.
ТжКБ мекемелері арасында” үздік кәсіби алаң ” – көлік колледжі.
Жоғары оқу орындары арасындағы “үздік кәсіби алаң” – Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті және ҚазИГЗУ.
ТжКБ мекемелері арасында “үздік шығармашылық бағдарлама” – м. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі .
“Жастар таңдауы” – Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ
ЖОО арасындағы “үздік шығармашылық бағдарлама” – С. Аманжолов атындағы университеті.
Ал “Студенттік көктем аруы-2019” атағын Қазақ инновациялық академиясының студенті Аида Махметжанова иеленді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы И. Смит номинанттарды жеңісімен құттықтап, дипломдар мен ақшалай сертификаттар тапсырды.

Елбасы Н.А. Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамаларының үшінші бағыты бойынша жоспарланған 11 жатақхананың екеуі ашылды. Қазір 9 жатақхананың құжаттары дайындалып жатыр. “Білікті маман” жобасы бойынша соңғы екі жылда өңірде қажетті мамандарды даярлауға облыс әкімінің арнайы гранттары бөлінуде. Бүгінгі таңда 646 жас грант иегерлері атанды.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Почти 8 тысяч школьников ВКО обучаются основам предпринимательства

Читали: 40 data-ad-slot="1867841055"> Семей.28.11.”Semeyainasy” – В школах курс «Основы предпринимательства» включен в образовательную программу как …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ