Домой / Новости / Город / СЕМЕЙДЕ СУМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

СЕМЕЙДЕ СУМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

data-ad-slot="1867841055">

су жүйесі

Семей.23.10. «Semeyainasy» — Бүгінгі таңда «Семей Водоканал» МКМ-ның сумен қамту және су өткізу жүйелерінің тозығы жеткен. Осыған орай қолға алынған бірқатар жобаларды қаржыландыру мақсатында «Семей Водоканал» мекемесі Еуропалық қайта құру және даму банкіне өтініш білдіріп, нәтижесінде 1 млрд 157 млн теңге несие берілетін болды.

– Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы қаржыландырылатын жобалар қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамтуға бағытталып отыр. Жоба аясында мамандандырылған техникалар мен құрылғылар сатып алынады, сонымен бірге сорғы стансаларына арналған құрал-жабдықтар жеткізіліп, хлорлау қондырғысы орнатылмақ. Су құбырлары желілерін ауыстырып, сумен қамту және су өткізу жүйелерінің гидравликалық моделін құру, басқару жүйесін автоматтау жұмыстары да көзделіп отыр. Халық игілігі үшін атқарылатын бұл шаралар табиғи су сапасын арттырып қана қоймай, қаржыны үнемдеуге де оң ықпалын тигізеді,-дейді «Семей Водоканал» МКМ бас инженері Талғат Кенжебаев.

Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы іске асырылатын жобалар бойынша тендер жеңімпазы бір апта ішінде анықталып, тиісті келісімшарттарға қол қойылады. Айта кетейік, су жүйесін жетілдіруге қатысты жұмыстар 2018 жылы қаланың оң және сол жақ бөлігіндегі апатты аумақтарда атқарылады деп күтілуде. Шамамен 7,8 шақырым су құбырлары жаңартылады деген болжам бар. Биыл тек қажетті құрал-жабдықтар мен қондырғылар сатып алынбақ.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

За визит к бывшей жене наказали жителя ВКО

Читали: 96 data-ad-slot="1867841055"> Семей.23.01. “Semeyainasy” – Житель Восточного Казахстана получил 300 часов общественных работ за …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ