Домой / Новости / Город / Семейде «Тіл шебері» атты қалалық байқау өтті

Семейде «Тіл шебері» атты қалалық байқау өтті

data-ad-slot="1867841055">

59def592620a9

Семей. 12.10. “Semeyainasy” – Күні кеше қаламыздың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен жас мұғалімдер арасында «Тіл шебері» атты қалалық байқау өтті. Балалар мен жастардың шығармашылық Сарайында орын алған байқаудың басты мақсаты Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту және қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру. Оған қоса үш тілді, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерін толық меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру болып табылады.

Білім және өнер сайысына 21-30 жас аралығындағы қаламыздың орта мектептері мен балабақшаларынан 21 үміткер қатысты. Байқау шартына сай қатысушылар «Тұсаукесер» (қазақ халқының салт – дәстүрі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру); «Ұлттаным» (қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалар жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілінде жауап беру); «Өнер алды-қызыл тіл» – ел бірлігі мен халық достығы, қазақстандық патриотизмды насихаттайтын қара сөз, монолог, өлең, ән орындау сияқты турлардан өтіп өз білімділіктерін көрсетті.

Конкурстың қортындысы бойынша бас жүлде № 22 мектеп-лицейінің мұғалімі Бақытнұр Қыдырбековаға бұйырды. I орынды №15 ЖОББМ ұстазы Жұпар Төлеуқонырова алды, II орын Әлия Мамилина (№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы), III орынға келетін болсақ Арайлым Шыңғыс (№ 33 Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектеп), Ержан Қасенов (№ 13 ЖОББМ) және де Жұлдыз Жекенова (№29 ЖОББМ) ие болды.
Байқау жеңімпаздары қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдарымен және арнайы бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Асель Қайырбекова

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Казахстанцам заплатят 34 миллиона тенге за сообщения о взятках

Читали: 49 data-ad-slot="1867841055"> Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов Семей.03.03.”Semeyainasy” – Антикоррупционная служба может выплатить почти 34 миллиона …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ