Домой / Новости / Город / Семейде «Экология. Радиация. Денсаулық» дәстүрлі XIII-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Семейде «Экология. Радиация. Денсаулық» дәстүрлі XIII-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

data-ad-slot="1867841055">

20170828_092124

Семей.29.08. “Semeyainasy” – 28 тамыз күні Семей мемлекеттік Медициналық Университетінде ҚР ҰҒА академигі Бахия Атшабаров атындағы «Экология. Радиация. Денсаулық» атты 13-ші дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылу салтанаты болды.

Конференцияға Күншығыс елінен келген қадірлі меймандар – Хиросима Университетінің радиациялық биология және медицина ғылыми-зерттеу институтының профессоры Масахару Хоши, Нагасаки университетінің проректоры, Семей қаласының құрметті азаматы Шуничи Ямашита, онко-патологияның диагностикасы департаментінің басшысы Масахиро Накашима, «Хиросима-Семей жобасы» қоғамдық ұйымының хатшысы Чиеко Кобатакемен бірге еліміздің әр өңірінен келген медицина мекемелерінің белді өкілдері қатысты.

Конференция барысында ғалымдар радиация, экология, денсаулық мәселелері жайлы көзқарастары мен пікірлерін ортаға салды. Радиация және радиациялық қауіпсіздік, экологиялық қолайсыз аймақтардағы клиникалық медицинаның өзекті мәселелері, зертханалық диагностиканың заманауи талаптары, ядролық сынақ полигоны салдарынан туындаған онкологиялық ауруларды емдеу және оның алдын алу сынды тақырыптар төңірегінде баяндамалар жасалды.

– Бұл конференцияның біздің ел үшін, оның ішінде Семей халқы үшін маңызы орасан зор. Өздеріңіз білесіздер, 1949 жылдан бері тоқтаусыз жүргізілген атом жарылысы 1990 жылға дейін жалғасты. Өкінішке орай, болған зардаптардың салдары әлі күнге дейін халықтың денсаулығына теріс әсер етуде. Осы орайда біздің ғалымдардың жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары еліміздегі медицинаны, диагностиканы дамытуға өз үлесін қосып жатыр. СММУ 20 жылдан астам уақыт бойы Жапония ғалымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып келеді. Бұл қарым-қатынастың мәңгіге жалғасатынына сенімдімін, – деген Семей мемлекеттік медициналық университетінің ректоры Ерсін Жүнісов Нагасаки университетінің проректоры Шуничи Ямашитаға және жұбайына қазақтың салтымен шапан кигізді. Ал Жапонияның Гумма Университетінің профессоры Ken Inoue-re – ге Семей Мемлекеттік Медициналық Университетінің Құрметті профессоры атағы берілді.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Карантин могут усилить в Казахстане

Читали: 43 data-ad-slot="1867841055"> Об этом рассказал министр здравоохранения. Фото : elorda.info27 ноября 2020, 17:01 Семей.27.11.”Semeyainasy” – …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ