Домой / Новости / ВКО / Семейде қала әкімінің қоғамдық қабылдауы іске қосылды

Семейде қала әкімінің қоғамдық қабылдауы іске қосылды

Семей. 15.10. “Semeyainasy” – Енді қалалық әкімдікке жүгіну үшін кабинеттердің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Өтінішті әлеуметтік желілерде немесе  қоңырау шалу арқылы қалдыруға болады. Мамандардың айтуынша, халықпен жұмыстың жаңа форматы жеделдікті арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

– Келіп түскен барлық өтініштер ақпараттық жүйеде тіркеліп, әкімдіктің тиісті бөлімдеріне жіберіледі. Жауап он күн немесе одан бұрын дайын болады. Басты міндет байланыс телефонын қалдыру қажет, – деді қоғамдық қабылдау бөлімінің маманы Дана Сигуатова. – Барлық өтініштер күн сайын қабылданады.

Бір апта ішінде қоғамдық қабылдау бөліміне 30 өтініш келіп түсті.

Жақында қалалық әкімдікте фронт-офис жұмыс істейді. Онда жер қатынастары, сәулет, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің мамандары кеңес беріп, құжаттарды қабылдайды. Бұл офиске келгендердің барлығы жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін кеңестер мен қызметтерді ала алады.

Әлеуметтік желілердегі аккаунттар:

– Instagram: @Qabyldau.akimsemey

– facebook: сандық қоғамдық қабылдау

– telegram: 8 708 467 25 11

– twitter: сандық қоғамдық қабылдау

Өтініштер 24/7 режимінде қабылданады.

Өтінішті WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы мына байланыс нөмерге + 7 708 467 25 11 жолдауға болады.

Егер смартфон немесе компьютер болмаса, қоғамдық қабылдау бөлмесіне 52-15 -15 нөміріне хабарласуға болады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Где должна быть реклама?

Читали: 27 Семей. 13.11. “Semeyainasy” – По итогам двухлетней работы городского отдела архитектуры и градостроительства …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ