Последние новости
Домой / Новости / Город / Семейде әскери-қолданбалы спорт түрінен қалалық спартакиада өтуде

Семейде әскери-қолданбалы спорт түрінен қалалық спартакиада өтуде

data-ad-slot="1867841055">

IMG_0103

Семей.05.10. “Semeyainasy” – Жарысқа әскери қызметкерлер мен әскери оқу орындарының студенттері қатысып, күш пен ептілік, сондай-ақ дене шынықтыру жаттығуларынан бақ сынасуда.

Футбол ойынына аймақтық «Восток» командасы, Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, әскери-техникалық мектеп, мектептік әскери басшыларының командасы, «Жас Ұлан» лицей командасы және Семей қаласының әкімшілігі ат салысты.

Спартакиаданың бірінші күні командалар волейбол, футбол және үстел теннисінен бәсекелесті.
– Олимпиада Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған,жалпы әскери қызметкерлерге арналған сайыстар спорт күндері міндетті болып табылады, – деп түсіндірді байқаудың бас төрешісі Серік Түсіпов.

Жарыстың қортындысы бойынша футбол турнирінен бірінші орын әскери көшбасшылар командасына бұйырды. Екінші орында – «Жас ұлан» ерлер лицейінің ойыншылары. Үздік үштікті Семей әскери қызметкерлерінің командалары қортындылады.

Стол теннисінен «алтын» медальды Семей қаласының мектептік әскери қызметкерлерінін теннисшілері жеңіп алды. Күміс медаль «Жас ұлан» ерлер лицейінің өкілдеріне бұйырды. Әскери-техникалық мектебінің спортшылары қола медальді еншіледі.
Келесі аптада спартакиада шеңберінде әскери қызметкерлер пневматикалық қарудан оқ ату, сондай-ақ, автоматты құрастыру және бөлшектеуден өзара жеңіпаздарды анықтайтын болады.

Асель Каирбекова

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В Восточном Казахстане состоялось открытие литературной выставки «30 лет созидания – 30 лет достижений»

Читали: 42 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 27.01. “Semeyainasy” – Открытие праздничной литературной экспозиции, посвященной 30-летию независимости Казахстана, …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ