Последние новости
Домой / Новости / Город / Семейде өрт кесірінен адам өлімінің саны артуда

Семейде өрт кесірінен адам өлімінің саны артуда

data-ad-slot="1867841055">

pozhar_dom_3

Семей.16.10. “Semeyainasy” – Жылу беру мауысымы басталмастан жыл сайын пәтерлер мен тұрғын үйлердің өртенуі көбейіп барады, оған себеп: жылыту және пеш арқылы жылыту жүйелері жұмысында өрт режимінің ережелерін сақтамау, сондай-ақ электр желісін шамадан тыс жүктеу болып табылады.

Өрттің алдын алу және өрт кесірінен адам өлімін болдырмау мақсатында Семей қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімінің қызметкерлері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдерімен және пәтер кооперативтерінің иелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланып, өрттің статистикасы келтірілді, сондай-ақ көп қабатты үйлерде тілсіз жаудың болу себебі айтылды. Яғни, ендігі өрттер мен адам өлімін алдына алу шаралары қарастырылатын болады.

Ағымдағы жылдың басында Семей қаласында 349 өрт тіркелсе, оның 40-тан астамы көп қабатты үйлерде болған, өрт кезінде 4 адам қаза тапқан, олардың ішінде екеуі бала, 504 адам эвакуацияланған – оның ішінде 84 бала болса, материалдық зиян 1 265 000 теңгені құрады.
Өрт қауіпі бойынша, көп қабатты үйден қарағанда аз қабатты үйдегі адамдарды эвакуациялау өте күрделі болып табылады, сондай-ақ өрт сөндіру күрделілігі де артады.

Семейдегі өрттің статистикасы бойынша суық күзгі күндері электр желісіне (жылытқыштар, электрлі батареялар) үлкен жүктеме бар екенін көрсетеді. Екі электр аспаптары бір розеткаға қосылып жатады, сол себепті рұқсат етілген жүктемесінен асып кету салдарынан апаттық жұмыс режимі туындайды, нәтижесінде «қысқа тұйықталу» болып, өрт шығып жатады. Сондай-ақ аулаларда автокөліктер жинақталуына байланысты өрт сөндірушілер көп қабатты үйдің ауласына кіре алмай, эвакуаторлардың келгенін күтіп қалатын да жағдай болады. Кездесуде талқыланған барлық мәселелер оң нәтиже береді деген үміттеміз.

Семей қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өртке қарсы бақылау департаментінің қызметкерлері және пәтер иелерінің кооперативімен кездесуі дәстүрге айналды, атап айтқанда бірлесе қала азаматтарына өрт қауіпсіздігі жөнінде ережелерін үйрету арқылы өрт қауіпін төмендеуіне және өрт кезінде адамдардың қаза болуына жол бермеуге мүмкіндік жасауда.

Асель Қайырбекова

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В Семей с рабочим визитом прибыл заместитель акима ВКО Ержан Нурбаев 

Читали: 85 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 03.12. “Semeyainasy” – В ходе визита он посетил маслоэкстракционный завод по …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ