Домой / Новости / Город / Семейдің «Пинг-Понг ханшайымы» анықталды

Семейдің «Пинг-Понг ханшайымы» анықталды

data-ad-slot="1867841055">

IMG_3822-31-07-17-04-35

Семей.10.08. “Semeyainasy” – Семейде тұңғыш рет балалар үйі тәрбиеленушілері арасында пинг-понгтан іріктеу турнирі болып өтті. Бас жүлдеге Қытайдағы аталмыш олимпиадалық спорт түрі бойынша жетекші мектептердің бірінде өтетін шеберлік сыныбына жолдама тігілді.

7-10 және 11-15 жас аралығындағы қыздар арасындағы пинг-понгтан жарыстың іріктеу кезеңі «Орбита» балалардың сауықтыру лагерінде өткізілді. Спорттық шараның өтуіне «Нұр Отан» партиясы, «Бауыржан» қайырымдылық қоры, Қазақстан үстел теннисі Федерациясы мен ҚР БҒМ балалардың құқығын қорғау жөніндегі Комитет ұйытқы болды.

-Бұл «Бауыржан» қайырымдылық қорының Алматы қаласындағы ҚХР бас елшісі мен Қазақстан үстел теннисі Федерациясымен бірлесіп қолға алған ерекше әлеуметтік жоба. Бұған дейін «Бауыржан» қоры елдегі балалар үйінің ұлдары арасындағы футболдан жыл сайын турнир өткізіп келген болатын. Енді спорттық жарыстарға қатысуға қыздар да мүмкіндік алып отыр,-деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Семей филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зүлфия Жамалтдинова.

Сайыс шарты бойынша «Пинг-понг ханшайымы» республикалық турнир жеңімпазы Пекиннің Спорт Академияларының бірінде үстел теннисінен өткізілетін шеберлік сыныбына қатысуға жолдама алады.

Семейде ұйымдастырылған іріктеу турниріне 7-10 және 11-15 жас ерекшеліктері бойынша 5 қыз бала қатысты. Олар қаладағы №8 балалар үйі мен өңірге қарасты Жаңа Шүлбі кентіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері.

Жарыс қорытындысына сәйкес «Пинг-понг ханшайымы» сайысының екінші кезеңіне Жаңа Шүлбі кентінің балалар үйі тәрбиеленушісі Анжела Ақтыбаева өтті. Турнир Кубогін жеңіп алған Анжелаға Алғыс хат пен былғары доп табыс етілді. Марапаттау рәсіміне қатысқан ШҚО мәслихатының депутаты Альбина Ахметова іріктеу сайысына қатысқан барлық дерлік спортшыларға сәттілік тілеп, былғары допты сыйға тартты. «Пинг-понг ханшайымы» спорт сайысының жүлдегері атанған Анжела Алматы қаласында өтетін республикалық турнирде бақ сынайтын болады.

Айта кету керек, турнир ұйымдастырушылары өскелең жас ұрпақты спортқа баулу мақсатында тағы бір әлеуметтік акцияның өтуіне мұрындық болды. Олар Қазақстанның жүздеген балалар үйіне пинг-понг ойынын ойнау үшін 100 үстел орнатқан екен. Мұндай құрал-жабдықтардың бірі Семейдегі №8 балалар үйінің спортзалынан да орын алды. Бұл өз кезегінде №8 балалар үйінің қыздары үшін алдағы турнирлерге тыңғылықты дайындалуға, шеберліктерін шыңдауға таптырмас мүмкіндік болмақ.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Нормальный асфальт по семейски

Читали: 52 data-ad-slot="1867841055"> Семей.15.04.”Semeyainasy” – Дороги всегда были наболевшей проблемой для Семея. Даже ремонт проезжей …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ