Семей.17.10. “Semeyainasy” – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 36803, 54770, 28738, 30217 әскери бөлімінің сарбаздарымен «Әбілхан Қастеевтың әлемі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінің қызметкері Рысжан Сағынбайқызы жүргізді.
Залға жиналған 300–ге жуық сарбазға қазақтан шыққан алғашқы суретшілердің бірі, Қазақ КСРО-ның Халық суретшісінің өмірі және шығармашылығы жайлы мәліметтер слайдтық бағдарламамен таныстырылды. Бұл шараның мақсаты – қазақ бейнелеу өнерінің танымалдығын, өскелең ұрпаққа мұра болып қалған ұлы суретшілердің өнерін кеңінен дәріптеу.
Демалыс күні өткізілген игі іс сарбаздарымызға рухани қуат бергені анық. Келешегіміз кемел, болашағымыз нұрлы болуы үшін өткенімізді бағалап, оны әрқашан мақтан тұтуымыз керек.
М. Құрманғажина