Домой / Аналитика / Семейліктер «Асарда» бас қосты

Семейліктер «Асарда» бас қосты

20190727_145129 (1)

“Семей.28.04.Semeyainasy” – Жақында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов әлеуметтік желідегі парақшасында  қалалықтарды салынып жатқан мешіт құрылысына орай ұйымдастырылатын Асарға шақырған еді. Осы мақсатта, мешіт құрылысы алаңына қаланың құрметті ақсақалдары, мешіт имамдары, жеке кәсіпкерлер, жастар ұйымдары мен еріктілер жиналды. Олар мешіттің айналасын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Аталған мешіт құрылысы 2008 жылы басталып, түрлі себептермен жұмыстар тоқтатылған болатын. Алайда, былтыр мешіт құрылысы қайта жанданды. Кәсіпкер Тұрсын Таскеев өз қаражаты есебінен мешіттің ішкі құрылыс жұмысын қолға алған.

Мешіт аумағында 700-ден астам көлікке автотұрақ қарастырылған. Қазіргі уақытта мешіттің сыртқы бөлігін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ал, мешіттің толық құрылысын жеделдету мақсатында арнайы қор құрылды. Қор қамқоршылар кеңесі қадағалауында болмақ. Кез-келген азамат есепшот арқылы қаржы аударып, қала үшін маңызы зор іске пайдасын тигізе алады.

– Семей қаласы – еліміздің рухани-мәдени орталығы. Ал, салынып жатқан бұл мешіт қаламызға көрік беретін сәулетті ғимараттардың біріне айналары сөзсіз. Осы ретте, баршаларыңызды сауапты іске жұмылуларыңызды сұраймын. Ортамыздан кәсіпкерлер де табылып, өз үлестерін қосуға бел байлап отыр. Титан компаниясының директоры Таникин Жандос өзінің серіктесімен мешіттің барлық терезелерін салып беруге уәде етті. Біз біріксек алынбайтын қамалдың жоқ екенін білемін. Осы орайда, сіздерге ризашылығымды білдіре отырып, сауапты істің сауабын алуға шақырамын,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Куда жаловаться на ложную выдачу лекарств

Читали: 14 Семей. 15.10. “Semeyainasy” – Запущенный в Казахстане электронный паспорт здоровья (ЭПЗ) поможет прекратить …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ