Последние новости
Домой / Новости / ВКО / Семейліктер ядролық қарусыз әлем үшін!

Семейліктер ядролық қарусыз әлем үшін!

522d9023-24ea-407d-9e3d-14d915deb4eb

Семей.08.08.”Semeyainasy” – Семейдің Достық үйінде «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға қоғамдық ұйымдардың басшылары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.

         Бүгінгі дөңгелек үстел осындай зұлматты болдырмауға арналып отыр. Семей халқы қарусыз әлемді бір адамдай қолдайды.  Оның зардабы әлі күнге дейін білінеді. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламызға жұмыс сапарымен келгенде, Семей қаласының дамуы үшін арнайы бағдарлама қажет екендігін айтқан еді. Осы орайда, біз осы шараға қатысушылармен бірігіп, ортақ бірнеше мәселені қарастырдық. Ол  полигон зардабын тартқан жандарға медициналық арнайы көмек көрсету, шипажайлар мен демалыс орындарын қарастыру, толық жағдай жасау. Міне, осы сынды мәселелер қатары қолға алынатын болады, – деді «Невада-Семей» қозғалысының белсендісі Жанна Жибраева.

       Айта кетейік, 1949 жылы Семей полигонында сыналған ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 есе асып түскен. Нәтижесінде, атмосфераға көптеген радиактивті заттар шығарылып, халықтың денсаулығы күрт төмендеді.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Прямой эфир с акимом области

Читали: 19 Фото из открытых источников 23 декабря в 17.50 часов на областном телеканале «ALTAI»состоится …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ