Домой / Новости / Город / Семей мектептеріне әйгілі тұлғалардың аты беріледі

Семей мектептеріне әйгілі тұлғалардың аты беріледі

IMG-20190516-WA0006

Семей.17.05.”Semeyainasy” – Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері, соңғы үш жылда ономастика саласында атқарылған жұмыстармен бөлісті. Сектор меңгерушісі Маржан Бахатованың мәліметтері бойынша 2017 жылы Дальняя көшесіне Кеңес Одағының Батыры Закария Белібаевтың есімі беріліп, Интернациональная көшесі Қайым Мұхамедханов атына ауысты.

– 2018 жылғы 25 мамырдағы Республикалық ономастикалық комиссияның отырысында Полковничий аралын Бейбітшілік аралына, Ленин көшесін Мәңгілік ел көшесіне қайта атау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру мәселесі де мақұлданды, – деді М. Бахатова.

2018 жылы Республикалық ономастикалық комиссия отырысында 7 ұсыныс бойынша: Комсомол көшесін Жібек жолы, Кутузов көшесін Ардагерлер , Колхозная көшесін Берел , Социалистическая көшесін Самал , Декабристов көшесін Нұрсая , Строительная көшесін Тұрсынғазы Рахимов және Крупская көшесін Әзілхан Нұршайықов көшесіне ауыстыру туралы оң шешім қабылданды.

– Барлықтарыңызға белгілі көше атаулары Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы автоматты түрде ауысатын болады. Тұрғындар ешқандай ақшалай шығынға ұшырамайды, – деді М. Бахатова.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы қаланың оқу орындарына көрнекті тұлғалардың есімін беру бойынша жұмыстар жүргізілді. Комиссия шешімі бойынша № 49 орта мектепке Абай Құнанбаев, №37 гимназияға – Ыбырай Алтынсарин, № 3 орта мектепке – Мұхтар Әуезов, № 2 орта мектепке – Қаныш Сәтпаев, № 39 орта мектепке – Әлихан Бөкейхан, № 47 орта мектепке – Ахмет Байтұрсынов, Балалар музыка мектебіне Теміржан Базарбаевтың аты берілетін болады.

Сонымен қатар, М. Бахатова әкімшілік аумақтық бірліктерді, қалаларды, көшелерді қайта атау бойынша ономастикалық комиссияның жұмысы Президент Әкімшілігінің 2018 жылғы қарашадағы хаттамалық тапсырмасы бойынша халық санағына байланысты тоқтатылғанын атап өтті.

Семей қаласының ақпараттық орталығы
Фото: Семей қаласының ақпараттық орталығы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

DSC_0802 (2)

Бизнесмены запросили у города полосу в 3 метра под бизнес и благоустройство

Семей.20.07.”Semeyainasy” – Аким города Ермак Салимов посетил стоматологическую поликлинику «White Dent», где вниманию главы города …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ