Последние новости
Домой / Новости / Город / Семей мемлекеттік медицина университетінде мектеп оқушыларына арналған даярлық курсы ашылды

Семей мемлекеттік медицина университетінде мектеп оқушыларына арналған даярлық курсы ашылды

IMG_8904

Семей. 20.02. “Semeyainasy” – Семей мемлекеттік медицина университетінде мектеп оқушыларына арналған даярлық курсы ашылды. Бұл туралы БАҚ құралдарына университет ректоры Ерсын Жүнісов мәлімдеді.

«Medical foundation» даярлық курсы 9-10-11 сынып оқушыларына арналған. Мұнда талапкерлердің ағылшын тілін, химия мен биология пәндерін терең меңгеруіне басымдық берілген. Ерсын Тұрсынханұлының айтуынша, бұл еліміздегі медицина саласын дамытуда маңызды қадам болып отыр.

 

-Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының тапсырмасымен Қазақстанда алғаш рет біздің оқу орнында «Medical foundation» даярлық курсы ашылды. Мұндағы негізгі мақсатымыз – ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасында айтылғандай, жоғарғы оқу орындарындағы білім беру жүйесін жаңғырту, талапкерлерге  бағыт-бағдар беріп, дұрыс таңдау жасауға көмектесу. Осылайша университетіміздің студенті атанатын болашақ дәрігерлерді алдын ала  қабылдап, дайындаймыз. Айта кету керек, бұл бастаманы Қазақстандағы оқу орындары арасынан Семей мемлекеттік медицина университеті алғаш рет қолға алып отыр. Көптеген әріптестеріміз осы тәжірибенің сәтті шығуын күтуде. Бұл шараның тек біз үшін емес, Қазақстанда медицина саласын дамытуда маңызы зор, – дейді ректор.

 

Болашағын медицина саласымен байланыстырған талапкерлердің білім сапасының жоғары болуын көздейтін аталмыш бастама Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан мақұлданып, өз жұмысын бастаған. Университет ұжымы алдағы уақытта еліміздің басқа да қалаларымен бірлесе жұмыс істеуге ниетті.

 

-Университет алды даярлық курстары Еуропа елдерінің тәжірибесіне әлдеқашан еніп кеткен. Бұл – әлемдік технология. Алдағы уақтты Павлодар облысы және Өскемен қаласымен бірлесе жұмыс істеу ойымыз бар. Сонымен қатар оқушыларға сапалы білім беретін профессорлық-оқытушылық құрамды да даярлап жатырмыз. Оқушылар даярлық курсын 9 ай көлемінде оқиды. Бір топта 16 адамнан көп болмауы тиіс,  – деді Е. Жүнісов.

 

Талапкерлер курс барысында медицина саласының негізі болып табылатын химия және биология пәндерін тереңдете оқып, ҰБТ-ға дайындалады. Сондай-ақ оларға ағылшын тілінің деңгейлік курстарына байланысты арнайы сертификаттар табысталатын болады.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Расширенное совещание в акимате ВКО

Читали: 16 Семей. 11.12. “Semeyainasy” – В областном акимате с участием акима области Даниала Ахметова …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ