Домой / Новости / Город / Семей музейінде әлемдік деңгейдегі Стокгольм қаласындағы Армия Музейінің «Өмір мен өлім арасындағы заттар» атты көрменің ашылды

Семей музейінде әлемдік деңгейдегі Стокгольм қаласындағы Армия Музейінің «Өмір мен өлім арасындағы заттар» атты көрменің ашылды

data-ad-slot="1867841055">

XUPS5382

Семей. 06.06. “Semeyainasy” – Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде әлемдік деңгейдегі Стокгольм қаласындағы Армия Музейінің «Өмір мен өлім арасындағы заттар» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрме 2010 жылы Стокгольм қаласында жарық көріп, сол жылдың үздік эстетикалық жобасы ретінде «Алтын витрина» жүлдесіне ие болған. Сонымен қатар Швеция, Норвегия, Бельгия, Польша, Беларусь және Эстония мемлекеттерінде кеңінен танылған. Бүгінгі таңда аталмыш жылжымалы көрме Армия Музейінің әлемдік деңгейдегі ең үздік жобасы болып табылады.
Көрменің ерекшелігі де сол, мұнда қару-жарақтар қойылмаған. Көрме келушілерді күнделікті тұрмыстағы қалыптасқан жай заттар секілді көрінетін, бірақ мұның астарында озбырлық жылдары орын алған хаос пен соғыс кездеріндегі жанұясынан жырақта жүрген адам үшін, ең қымбат қасиетті естеліктермен таныстырады. Себебі соғыста аман қалу үшін киім-кешек, қару-жарақ пен ережелер аздық етеді. Көрме барлық жәдігерлерді жинаған және көрсетілім үшін таңдаған белгілі коллекционер Турбьерн Ленскугпен бірлесіп әзірленген. Көрме окоптарда және блиндаждарда, жорықтар мен алдыңғы шепте жауынгерлермен бірге болған мыңдаған тұрмыс заттарынан құралған. Қасық-шанышқылар, құтылар, дәріхана қобдишасы, ыдыс-аяқтың әртүрлі түрлері, шаруалық бұйымдары, құжаттар, кітаптар, ойын карталары, музыка аспаптары, дәрілер, әскери керек жарақ заттар. Көрермендер назарына Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар кезіндеріндегі әртүрлі әскерлерге тиесілі бірегей әскери артефактілер ұсынылған.
Көрмеде 521 жәдігер қойылған және бұл көрме музейімізде 2018 жылдың 4-29 маусым аралығында жұмыс істейді.
2016 жылдың сәуір айының 28-і күні мен қазан айының 15-і күні аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде жұмыс істеген көрме аталмыш музей ұжымымен бірлесе өткізілген. Қазақстанда тұңғыш Әскери-тарихи музейдің ашылу салтанатына Стокгольм Әскери музейінің (Швеция) басшылығы аталмыш көрменің толық топтамасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейіне сыйға тартқан. Ұйымдастырылып отырған көрме Республикалық деңгейдегі музейлермен, халықаралық музейлермен жақсы қарым-қатынас орнатып, алдағы уақытта тәжірибе алмасуға септігін тигізеді деп жоспарлануда.
Көрменің ашылу салтанатына қатысқан қаламыздың зиялы қауым өкілдері, қаламыздағы музей әріптестері, жоғары оқу орындарының студенттері мен ұстаздарының қызығушылығын тудырды.

Гүлнұр Шалатайқызы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Найдены останки самого большого динозавра в истории Земли

Читали: 41 data-ad-slot="1867841055">  22 января 2021, 21:05  Фото: The world news platform Семей.23.01.”Semeyainasy” – Останки гигантского …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ