Домой / Новости / Город / Семей қаласында жастар маслихаты депутаттарын марапаттау кезеңі өтті

Семей қаласында жастар маслихаты депутаттарын марапаттау кезеңі өтті

data-ad-slot="1867841055">

DSC_0179

Семей.11.10. “Semeyainasy” – 29 қыркүйік күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша жастар маслихаты депутаттарының сайлауы өтті. Сайлауға бүкіл облысымыз бойынша 410 адам депутат атағына ие болған. Нақтырақ қаламызға тоқталатын болсақ, үміткерлер ретінде 100-ден астам адам белгілен, алайда жастар орталығының директоры Мұстафа Қожамсейіттің айтуы бойынша: «Қалалық сайлау коммисиясынын рұқсатымен 94 адамнан 44 азамат депутат болып сайланып өткен. Категория бойынша алғанда жоғары оқу орындарынан 16 адам, колледждардан 20 адам, әлеуметтік дауыс беру арқылы 8 адам өткен».

Бүгін қаламыздың әкімшілігінде жастар маслихатының депутаттарын марапаттау кезеңі өтті. Яғни төс белгілерін тағып арнайы құжаттар берілді. Ендігі кезеңде жоспар бойынша 1 айдан кейін болатын сессия кезінде жастар маслихатынын хатшысын тағайындау. Хатшыны депутаттар өздерінің арасында, біраз уақыт бұрын ескеріліп ашық не жабық түрде аңықтайтын болады.

Қазіргі кезде қаламыздың жастар ресурстық орталығы 4 фракция бойынша бөліну керек екендігі жөнінде ұсыныс жасады. Нақтырақ айтсақ, 1-ші фракция: студент және оқушы балалармен жұмыс жасайтын болады; 2-ші фракция: баспасөз құралдарымен бірлесе әлеуметтік желілерде жұмыс атқарып, әртүрлі қаламызға маңызды іс-шаралар өткізілетін болады; 3-ші фракцияәлеуметтік сұрақтарға жауап беретін фракция болмақ, яғни ауыл жастарымен, жұмыссыз жастармен, ұйымдаспаған жастарменжұмыс жасалатын болады; 4-ші фракцияда жалпы жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жұмыс өткізу, әртүрлі деңгейде салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізіледі делінген.

Асель Қайырбекова

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

“Бегущего в метель” полицейского наградили медалью

Читали: 34 data-ad-slot="1867841055"> Семей.04.03.”Semeyainasy” – Костанайского полицейского Амантая Байжанова, бегущего перед колонной авто в непогоду, …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ