Семей.10.10. “Semeyainasy” – Қаламыздың жастар белсенділерінің ұйымдастыруымен баспасөз орталығында брифинг өтті. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша қала күніне арналған мерей той барасында жастар қауымы шаһарымызға жаңадан «бренд» жасап шығаруы туралы ұсыныс жасаған. Алайда, жастар белсендісі Жасұлан Құрманғалиев «бренд» емес логотип деген жөн болар дей отыра, Шымкент, Алматы қалаларының логотипы ретінде мысалы келтіріп, ұсынысқа қолдау көрсеткені жөнінде айтты.
Лауазым бойынша қандай сурет салу керек, қандай түс болуы керек екендігі, жалпы байқау ережелері анықталмаған. Тек жеңімпазды қоғамдық кеңес анықтайтыны білгелі екен. Қатысушылар көптеген сұрақтарына нақты жауап алалмаған сынды. Яғни, брифинг арқылы тек ауызша қала қауымын хабардар етпек болған тәрізді. Оған себеп расталмаған лауазым. Ендігіде, жастар белсенділері мен Семей қаласының жастар орталығы расталған лауазыммен, толығымен сұрақтарымызға жауап береді деген үміттеміз.
Асель Қайырбекова