Домой / Новости / Город / Семей қаласы әкімінің шыршасы өтті

Семей қаласы әкімінің шыршасы өтті

data-ad-slot="1867841055">

DSC_1042

Семей. 28.12. «Semeyainasy»Бүгін Семей қаласы әкімінің балаларға арналған Жаңа жылдық шыршасы болды. Кешке ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары қатысты.

 

Қала әкімі Ермак Сәлімовтің  дәстүрлі жаңа жылдық шырша мерекесіне жыл сайын мыңдаған оқушы қатысады. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында өткен биылғы мерекеге 150 оқушы қатысса, оның 30-ы қала маңындағы ауылдық мектептерден келіпті.

 

«Қымбатты балалар! Баршамыз асыға күтетін жарқын мереке Жаңа жылға санаулы күндер ғана қалды. Мен сендерді алда келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Осынау шырша тойы естеріңде қалатын ерекше кеш болады деп сенемін. Сендер берекелі, бейбіт елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Халқымыз «Өсер елді өскелең ұрпағынан таниды» деген сөзді бекер айтпаған. 

Ата-ананың үкілі үмітін ақтайтын да, туған еліміздің асқақ рухын сақтайтын да, мына сендер. Сондықтан, біз сендердің ақылды да алғыр, зерделі де зерек болғандарыңды қалаймыз. 

Айналайын, балалар! Мен бәріңе мол игілік, жарқын болашақ тілеймін. Балалық шақтарың базарлы, өмірлерің ажарлы болсын. Жаңа жылда армандарың орындалып, Тәуелсіз елімізбен бірге өсіп, өркендей беріңдер! Мерекелеріңмен! деген Елбасы құттықтауынан соң оқушылар жаңажылдық қойылымдарды тамашалады.

 

Қойылым барысында жас жеткіншектер ертегілер әлеміне сапар шегіп, Аяз Атамен және Ақшақармен кездесті. Түрлі тосқауылдарды бағындырып, балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған олардың сиқырлы қоржыны да бос болған жоқ,

 

Кештің басты оқиғасы қала әкімінің жаңажылдық шыршаны жағуы болды.

 

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Вакцинация должна выправить эпидемиологическую ситуацию – Президент РК

Читали: 27 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 26.01. “Semeyainasy”– Вакцинация в целом должна выправить эпидемиологическую ситуацию. Об этом …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ