Домой / Новости / Город / Сергей Худяков Семей шаһарына ат басын бұрды

Сергей Худяков Семей шаһарына ат басын бұрды

data-ad-slot="1867841055">

IMG_1281

Семей.18.09. “Semeyainasy” – Қаламыздағы Достық үйінде «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің ұйымдастыруымен «Прикладной бюджетный анализ» атты тақырыбында қалалық семинар-тренинг өткізілді. Семинарды Петропавл қаласынан келген өз ісінің нағыз маманы, республикамыздың түпкір-түпкірінде 15-тен астам дәріс өткізген, «Қазақстандағы жергілікті басқару» жинағының авторы Сергей Худяков жүргізді.

Тренингті жүргізген модератор өзінің тақырыптық баяндамасын оқып қана кеткен жоқ, сондай-ақ семинарға қатысушы азаматтармен пікір алмасып, ашық сұхбат жүргізуге тырысты. Сонымен қатар, Сергей Худяков аудиторияны белгілі бір мақсатқа жұмылдырып, барлығын бір кісідей, бірлесе жұмыс атқаруға бағыттай білді. Бір күнге созылған тренинг бағдарламасы 5 тарауға бөлініп, әрқайсына жекелей тоқталып өтті. Басқосуға қалаламыздағы шараларға белсене ат салысып жүрген студенттер, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Тренинг барысында журналистер тарапынан «Бүгінгі таңда жергілікті бюджеттің экономикалық рөлі?», «Журналистерге қала бюджетінің есептік көрсеткішіне қалай анализ жасауға болады? » деген сынды көптеген сұрақтар қойылды.
Жиын соңында «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің директоры Лейла Уразбаева семинар-тренингке қатысқан барлық азаматтарға сертификаттар табыстады.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Офицеров воспитательных структур поздравили с профессиональным праздником

Читали: 30 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 20.01. “Semeyainasy” – Торжественное мероприятие прошло 19 января, в доме офицеров …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ