Домой / Новости / Город / Соғыс ардагері Рахымбаев Асқардың куәлігін тапсыру салтанаты өтті

Соғыс ардагері Рахымбаев Асқардың куәлігін тапсыру салтанаты өтті

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 18.01. “Semeyainasy” -18 қаңтар күні қала әкімінің қатысуымен Ұлы Отан соғысының ардагері Рахымбаев Асқардың куәлігін тапсыру салтанаты өтті.


Жиын барысында сөз бастаған Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімов:
– Бүгін біз Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қазыналы қарт Асқар Рахымбаевтың күәлігін табыстау үшін жиналып отырмыз. Мұны ел қорғаған батырды ұлықтаудың жарқын көрінісі деп білемін. Біз алдыңғы толқын ардагерлерімізге әрқашан бас иіп, сіздерді құрмет тұтамыз. Себебі сіздер өшпес ерлік танытып бейбіт күнді силадыңыздар. Асқар ақсалға мықты денсаулық, мол бақыт, ұзақта мағналы ғұмыр тілеймін. Егемендіктің еңсесі биік, тұғыры берік болсын- деп өз тілегін білдірді.
Алқалы отырысқа Қазақстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі, еңбек ардагері, полковник Алиғаппар Шаймардан, Семей қаласының қорғаныс істер басқармасының тәрбие және идеялогия бөлімшесінің бастығы Ибрагимов Дәулет сонымен қатар әскери қызыметкерлер, жастар орталығындағы қоғам белсенділері, Асқар ақсақалдың балалары қатысты.
95 жасты еңсерген қазыналы қарт Асқар Рахымбаев 1926 жылдың 1 наурызында, бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, өз ауылында трактор жүргізушісі болып жұмыс істеді. 1941 жылдың маусым айында, 16 жысанда Кеңес әскеріне шақыртылып, 378 атқыштар полкінің құрамында соғысқа қатысты. Румынияның, Брашев, Мишель қалаларын жаудан босатуға қатысты. 1945 жылдың қазан айында бір топ сарбаздардмен бірге, автотехникалық полкте оқыту үшін Баку қаласына жіберлді. Ол жерде 1949 жылға дейін оқып, осы жылы Қытай Халық Республикасына арнайы әскери авиа полк құруға көмек көрсету үшін жолданып, Қытай азат ету Әскерінің 21811 әскери бөлімінде штурман-моторист болды 1951 жылы, аға сержан шенінде әскерден оралып, туған ауылында, тракторист, биргадир қызметін атқарды. 1988 жылдан бастап, еңбек демалысында. «Отан Соғысы» орденімен, «За победу над Германией», Қытай-Кеңестік достығы, «Ұлы Отан соғысы», «Ерекше еңбегі үшін» (За долбестный труд), «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. 2000 жылдан бері Семей қаласында тұрып жатыр. Жолдасы Жамалған апа екеуі 11 бала, 29 немере, 44 шөбере тәрбиеледі. Ештен кеш жақсы демекші, бірталай жасқа келген Асқар ақсақалдың еңбегі еленіп, көзі тірісінде куәлігіне қол жеткізгеніне ризашылығын білдірді.
Ғалбият Нұрзат

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Режим карантина будет продлён ещё на две недели – Касым-Жомарт Токаев

Читали: 60 data-ad-slot="1867841055"> Семей.13.07.”Semeyainasy” – В связи с эпидемиологической ситуацией в стране режим карантина будет …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ