Последние новости
Домой / Новости / Город / Суретші Болат Исиннің салтанатты көрмесі көрермен назарында

Суретші Болат Исиннің салтанатты көрмесі көрермен назарында

            

 Семей. 28.11. “Semeyainasy” –   Абай музейінің ұйымдастыруымен Шыңыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қорынан «Суретші Болат Исин туындыларындағы жазушылар шығармашылығы» тақырыбындағы көрменің ашылу салтанаты өтті.

  Кескіндемеші, акварельші және ағашты көркем өңдеуші шебер, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші Болат  Исиннің қолынан қазақтың бас ақыны Абайдың және оның ақын шәкірттері Шәкәрімнің, Әсет Найманбайұлы мен Төлеу Көбдікұлының, жазушылар Мұхтар Әуезов пен Оралхан Бөкейдің, Алаштың соғы тұяғы Қайм Мұхамедхановтың шығармаларының желісі бойынша салған кескіндемелік және акварельдік туындылары көрермендер назарына ұсынылды.

  Суретші Болат Исин Абай шаңырағымен шығармашылық байланыс орнатып келеді. 2002-2003 жылдары Құндыздыдағы Шәкір Әбенұлының және 2006 жылы Жидебайдағы Шәкәрімнің саят қорасы музейінің суретшісі әрі безендірушісі болып музей экспедициясын жасақтауға ат салысқан.

  Абайдың «Жидебай-Бөрілі»  мемлекеттік қорық-музейі деректорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Сейітжаппарқызы : Көрмеге Өскеменен арнай аға буын өкілдерімізді, жастарды шақырып отырмыз үйткені біздің жерде осындай тұлғалардың бар екенін білсін, өнерімен таныссын деген мақсат көзделді. Болат Исиннің туындыларына келетін болсақ  дәл осы көрмеде өңірлік жазушылар, ақындардың шығармашылығына арналған ең бастысы Абай шығармашылығы тақырыбында және басқа ақындарымыздың шығармашылығына арналған туындылар көрермен назарына ұсынылып отыр.

  Көрменің ашылу салтанатында ізгі тілектермен қоса әуезді ән шырқалып келуші қонақтарға суретші Болат Исиннің туындылары таныстырылды.

Ғалбият Нұрзат

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Уголки самообслуживания появились в поликлиниках города Семей

Читали: 45 Семей. 12.12. “Semeyainasy” – По инициативе областного филиала госкорпорации «Правительство для граждан» и …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ