Последние новости
Домой / Последние новости / СӘТТІЛІК, РУСЛАН!

СӘТТІЛІК, РУСЛАН!

Семей.06.11.”Semeyainasy” – Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында 8-10 қараша күндері самбо күресінен әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге қазақстандық самбо шеберлері толық құрамда (ерлер, әйелдер, жауынгерлік самбо, 27 балуан) қатысады.

Спорттық самбодан 82 келіде    ел намысын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының спортшысы Руслан Жарқынбаев қорғайды.

Руслан Жарқынбаевсамбо күресінен Әлем Кубогының күміс және қола жүлдегері, үшінші бүкіләлемдік көшпенділер ойынының жеңімпазы.

Беларусь астанасы Минск қаласында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында және жауынгерлік самбодан А санатындағы XXIII халықаралық турнирі, самбо күресінен Беларусь Республикасының ашық чемпионаты және Беларусь Республикасының Президентінің жүлдесіне арналған жарыстың қола жүлдегері.

Руслан сондай-ақ көктемде ел чемпионатында топ жарса, жуырда Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия чемпионатында ересектер арасында алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, әлем чемпионатында Руслан Жарқынбаевтан бөлек, шығысқазақстандық Асылбек Смайылов пен Райхан Мәди жауынгерлік самбодан сынға түседі.   

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Казахстанцы по-прежнему стремятся эмигрировать: за три квартала уже уехали 34 тысячи человек — на 8% больше, чем годом ранее

Читали: 68 Внешняя миграция населения РК. Январь–сентябрь 2019 Семей.14.11.”Semeyainasy” – За три квартала текущего года …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ