Домой / Новости / Город / С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Семейге келді

С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Семейге келді

2019-04-09 19.24.01

Семей.09.04.»Semeyainasy» — С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры гастрольдік сапармен Семей қаласына келді. БАҚ өкілдерімен баспасөз  маслихатын өткізген өнер ұжымы осы сапарға 1 ай көлмінде тыңғылықты дайындық жүргізгенін жеткізді. Петропавлдық  труппа  3  спектаклін сахналайтын болады.  Семей ядролық полигоны тақырыбын қозғайтын Б. Жақыптың «Жан дауысы» шығармасы Абай театры сахнасында өз тұсауын кеспек.

-Спектакльды қою туралы шешім шыққанда,премьера Семей қаласында болу керектігін түсіндік. Қойылымдағы мақсатымыз адамдардың жүрегін ауыртып, жараның аузын тырнау емес, табиғат дауысы арқылы полигон зардабын жеткізу,-деді театр режиссері, Абралы өңірінің тумасы Фархат Молдағали.  – Гастрольмен еліміздің ірі қалаларында, тіпті Румыния елінде болдық. Бірақ мен үшін осы туған өлкем Семей қаласындағы сапарымыз ең маңызды болып табылады.

«Жан дауысы» шығармасы Семей ядролық полигонында алғаш сынақтың өткеніне 70 жыл, Невада-Семей қозғалысына 30 жыл толуына орай қойылып отыр. Бұдан бөлек драма-театр М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» және  М.Әуезовтың «Қарагөз» драммасын ұсынатын болады. Фархат Молдағали бастаған өнер ұжымының басты ерекшелігі аталған шығармалар «sound drama» жанрында қойылады.

-Бұл әмбебап жанр. Барлық әуендер тірі оркестрдің сүйемелдеуімен. Әрбір қимылдың, әр образдың өзіне тән әуені бар. Осы ерекшеліктер көрерменмен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді,- деді театр режиссері Фархат Молдағали.

Театр директоры Біржан Жалғасбаев  биыл 19-шы маусымын өткеріп жатқан труппа актерлері еліміздің әр өңірінен жиналғанын атап өтті. Сондай-ақ ұжым басшысы осы сапарды ұйымдастыруға себепкер болған «Абыралы» қорына өз алғысын білдіріп,  өнер сүйер қауымды театрға шақырды.

С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры ұжымының қойылымдарын Абай атындағы театр және қалалық мәдениет сарайы сахнасынан тамашалай аласыздар.

10 сәуір,сағат 18.00 – Б.Жақып «Жан дауысы» /Абай театры (кіру тегін)
11 сәуір,сағат 18.00-  М.Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» /Абай театры
12 сәуір,сағат 18.00- М.Әуезов «Қарагөз» / Қалалық мәдениет сарайы

Билеттер  театр кассасында

Семей ақпараттық орталығы

Фото:Семей ақпараттық орталығы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

IMG_1801

В Семее отпраздновали Пасху по немецким традициям

фото из открытых источников Семей.22.04.»Semeyainasy» — В воскресенье, 21 апреля, во Дворце культуры общественное объединение …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ