Домой / Новости / Город / ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

data-ad-slot="1867841055">

IMG_0899

Семей.31.08. “Semeyainasy” – Бүгін Экономикалық лицейде дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Кеңеске қала әкімі Ермак Сәлімов, қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қала әкімі аппаратының басшысы Зәуреш Рамазанова, ШҚО білім басқармасының басшысы Нұргелді Абжапаров, қалалық мәслихат хатшысы және депутаттары, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, Нұр Отан партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зүлфия Жамалтдинова, дербес бөлім басшылары, ЖОО ректорлары, оқу орындарының директорлары, педагогикалық еңбек ардагерлері және ұйымдар мен мекемелер өкілдері, ата-аналар қауымдастығы, қамқоршылық кеңестерінің өкілдері және басқа да арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбында өткен тамыз кеңесіне 600-ден астам адам қатысты. Алдымен көрмелер мен дискуссиялық алаңдарды, оқушылардың концерттік бағдарламасын тамашалаған педагогтар кеңестің ресми отырысында қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенконың баяндамасын тыңдады. Білім бөлімінің басшысы алдымен мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, жылу маусымы, мектептерге жүргізілген жөндеу жұмыстары, білім ошақтарының компьютерлермен жабдықталуы, 2,5 және 7 сыныптардағы жаңа оқу бағдарламасы, оқушыларды тамақтандыру жүйесі, мектепке дейінгі білім беру жүйесі, балабақшалардың жеткіліксіздігі жайлы айтып өтті.

-Білім беру нысандарын 2017-2018 оқу жылындағы жылу беру маусымына дайындау мақсатында 2017 жылы 42 білім беру мекемелерін ағымдық және күрделі жөндеуге 287,250 млн. бөлінді. (Екі мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 68,843 млн. теңге және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 218,407 млн.теңге бөлінді). Бөлінген қаржыға 6 мектептің су және кәріз жүйелері қалпына келтіріліп, 5 мектеп жарықпен қамтамасыз етілді және тоқты жер астына жіберу жұмыстары жүргізілді, 5 мектептің ішкі жөндеу жұмыстары, 4 нысанның жылу қазандығы, 10 мекеменің шатыры, 2 нысанның жылу жүйесі, 8 нысанның ғимараты жаңартылды.

Мектеп қазандықтарына сұйық және қатты отын түрлерін алуға 85, 044 млн. теңге бөлінді. Жылу жүйелерін тазалау, қысымын тексеру жұмыстары жылу беру маусымына дейін жүргізіледі. 10 686 тонна қатты отын түрлері, 58 тонна сұйық отын қажет. Жекелеген жылу жүйесі 26 білім беру нысандарында, оның ішінде: мектептер, мектепке дейінгі, мектептен тыс мекемелер де бар. Соның ішінде қатты отынмен 17 нысан, сұйық отынмен – 2, электр жылуымен – 5, пешпен жылыту 2 нысанда қолданылады, – деді Н. Фесенко.

Сондай-ақ ҰБТ қорытындысы жайлы сөз қозғаған Н. Фесенко ең төмен балл көрсеткен мектептерді атады:

-№13,20,26 мен Бегалин атындағы мектептің орташа көрсеткіші-50-60 балл; 60-70 балл – №2,8,9,12, 21, 40, 41, 48 мектептер, Ибраев атындағы мектеп пен Түрксіб мектептері; 70-80 балл – 3,4, 7, 11, 15, 18, 19, 23, 28, 31. 32, 33, 34, 35, 38, 42, 47, Пригород, Озерка, Быхин атындағы, Бұлақ, Приречный мектептері; 80-90 балл- үш тілде оқытатын көп бейінді мектеп, №10,16, 22, 27, 30, 36, 39, 43, Шүлбі орта мектебі, Шақаман, Знаменка мектептері. Ал ең жоғарғы балл көрсеткен мектептер: экономикалық лицей – 105,5 балл, Шүлбі мектебі – 106 балл, №37 гимназия – 97,8 балл, №17 ЖОББМ – 96, 77 балл, №1 ЖОББМ -92, 46 балл, №6 гимназия – 96,63 балл, №29 ЖОББМ – 91, 6 балл, – деп атап өтті Наталия Анатольевна.

Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының оқу орындарында дәстүрлі емес киім киюі өзекті мәселе болып отыр. Кеңес барысында бұл мәселе де айтылмай қалмады.

-2016 жылдың 1 қазанында қала мектептерінде дәстүрлі емес киім киген 12 бала тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім болған жоқ. №№31, 3 мектептерде профилактикалық жұмыстардың жүргізілуі нәтижесінде 4 оқушы бас киімдерін шешті, ал №4 және №38 мектепке екі оқушы келді. №4,48 мектептердің 2 оқушысы бас киімдерін қайта кигендері анықталды. 2016 жылдың соңына қарай отбасыларының басқа жаққа қоныс аударуына байланысты дәстүрлі емес киім киген оқушылардың саны 2 адамға кеміген, – деді білім бөлімі басшысы.
Өткен оқу жылының білім мен спорт саласындағы жетістіктеріне жекелей тоқталған Наталия Анатольевна №2, 3, 6, 9, 11, 16, 19, 20, 22, 29, 30, 37, 40, 47 мектептерде және Экономикалық лицейде жоғары екенін айтты. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жетіспеушілігі, көзі нашар көретін және құлағы нашар еститін, ДЦП-ға шалдыққан балаларға арналған топтар мен балабақшалардың жоқтығын өзекті мәселе ретінде көтерілді. Мемлекеттік – жеке меншік серіктестік аясында салынған балабақшалардың санын арттырып, жеке меншік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс бойынша балаларды орналастыру қажеттілігі сөз болды.
Сонымен бірге 2017 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында екі балабақша құрылысы басталатыны айтылды. Мердігер «Фирма –Азия» ЖШС Қарағайлы тұрғын ауданында 320 орындық, мердігер – «Сәт Транс» ЖШС Ұшақтар ықшамауданында 280 орындық балабақша құрылысын бастайды. Сондай-ақ №19, №44 мектептердегі үш ауысымды жою мақсатында екі мектептің құрылысы аяқталды. Қараша айында Ұшақтар ықшамауданында 1200 орындық орта мектеп пайдалануға беріледі. Бобровка кентінде 600 орындық мектеп құрылысы аяқталып, 1000 оқушы қабылданды.

Кеңес соңында үш тілділікті дамыту, білім беру мазмұнын жаңарту, «Туған жер» бағдарламасын іске асыру жайлы өзге де баяндамалар тыңдалып, «Үздік жалпы орта білім беретін мектеп», «Үздік қосымша білім беру мекемесі», «Үздік мектепке дейінгі балалар ұйымы» анықталды.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

1430 заболевших коронавирусом выявлено в Казахстане за сутки

Читали: 29 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 22.01. “Semeyainasy” – За прошедшие сутки в Казахстане выявлены 1430 заболевших …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ