Домой / Новости / Город / Тұрсынғазы Рахимов атындағы халықаралық конкурс өтті

Тұрсынғазы Рахимов атындағы халықаралық конкурс өтті

data-ad-slot="1867841055">

20171011_162956

Семей.12.10. “Semeyainasy” – Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрында әнші, композитор Тұрсынғазы Рахимов атындағы «Сәби болғым келеді» атты халықаралық конкурстың жабылу салтанаты өтті. Ауқымды шараға Рамазан Стамғазиев, Толғанбай Сембаев, Ерлан Рысқали, Алмасбек Алматов, Әділ Тұрғанбаев, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Ғалым Мұхамедин, Ербол Айтбаев, Жоламан Құжыманов, Еркін Шүкіман, Мәншүк Тұрсынғазина, Әсем Омарова сынды әншілер қонақ ретінде шақырылса, еліміздің әр түкпірінен, сондай-ақ Моңғолия, Қытай, Қырғызстан елдерінен келген 32 өнерпаз өзара бақ сынасты.

Мұқағали Мақатаевтың «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн, санаулы ай, санаулы жыл», «Сәби болғым келеді» атты танымал өлеңдерін әуенге айналдырған композитор Тұрсынғазы Рахимов атындағы халықаралық конкурс Семейде тұңғыш рет өтіп отыр. Байқау шарты бойынша, өнерпаздар сазгердің екі әнін және бір халық әнін орындап шықты. 10 қазаннан бастау алған байқаудың жабылу салтанаты кеше Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрында салтанатты түрде өтті.

Байқауға елімізге танымал мәдениет қайраткерлері мен әншілер қазылық етті. Олардың қатарында ҚР Мәдениет қайраткері, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері, Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университеті жанынан құрылған колледждің «Халық әні» бөлімінің меңгерушісі Толғанбай Сембаев, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының меңгерушісі, доцент Рамазан Стамғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Алмасбек Алматов, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері, ШҚО Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония әншісі Бақыт Үдербаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, доцент Едіге Жүдібаров, ҚР Мәдениет қайраткері, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің «Дәстүрлі ән» бөлімінің оқытушысы Әділ Тұрғанбай, ҚР Мәдениет қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Мұқан Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжінің оқытушысы Нұрлан Көшеровтер бар.

– Шығыс өңірінде қазақтың дәстүрлі ән өнерін сақтап қалу мақсатында осы байқауды ұйымдастырып отырмыз. Қазір эстрада жанрын айтпағанда, қазақтың дәстүрлі әндері де шетелге ойысып жатыр. Сондықтан қазақтың дәстүрлі әндерін Тұрсынғазы Рахимов арқылы халық жүрегіне жеткізуді мақсат тұттық. Өткен жылы Тұрсынғазы Рахимов атындағы фестиваль өткен еді. Биылғы байқауды сол бастаманың жалғасы деуге болады. Байқауды алдағы уақытта тек Семей қаласында емес, Қазақстанның өзге қалаларында да ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – дейді ШҚО Әміре Қашаубаев атындағы филармония директоры Адай Азаматов.

Байқау қорытындысына сай, Төлеген Шакаримов мен Е.Саятқызы ІІІ, ал Моңғолия Республикасынан келген Өзгеріс Шерікбай мен алматылық Жасұлан Сатаев ІІ орындарға ие болды. Байқаудың бас жүлдесіне алматылық Нариман Абдрахмановқа лайық деп танылды.

Сондай-ақ кеш барысында Еркін Шүкіманов пен Толғанбай Сембаевтың авторлығымен Тұрсынғазы Рахимовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Сағынбасқа не шара?» атты жаңа кітаптың тұсаукесері кесілді.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

“Бегущего в метель” полицейского наградили медалью

Читали: 35 data-ad-slot="1867841055"> Семей.04.03.”Semeyainasy” – Костанайского полицейского Амантая Байжанова, бегущего перед колонной авто в непогоду, …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ