Домой / Новости / Город / Тәртіп сақшылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды

Тәртіп сақшылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 21.01. “Semeyainasy” – Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта Семей қалалық полиция басқармасына қарасты «Динамо» спорт кешенінің спорт залында  2020 жылдың спорттық күнтізбесі аясында басқармаға қарасты полиция бөлімдері мен бөлімшелері  арасында волейболдан жарыс өтті.

Волейбол спорттың командалық түрі. Жарысқа  Затон, Әуезов, Орталық полиция бөлімдері, Басқарма аппараты командасы мен Патрульдік полиция батольоны мен ротасы және СОБР қызметкерлерінен  құрылған командалар қатысты.

Аталмыш жарыс жастайынан спортты серік еткен басқарма бастығы полиция полковнигі Мақсат Зекеновтың тікелей ұйтқы болуымен өткізілді. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберлікте өнер көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан полиция қызметкерлері  волейбол ойынынан да қара жаяу еместіктерін танытты. Қызу, тартысты өткен жарыстың нәтижесінде  Патрульдік полиция ротасының командасы 1- орынды иеленді. Патрульдік полиция батольоны 2-орынды алса, СОБР командасы 3-орынға табан тіреді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табыс етілді. Сонымен қатар осы жарыс нәтижесінде волейболдан өтетін  қалалық және облыстық жарыстарда басқарма намысын қорғайтын құрама команда жасақталды.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметі

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Режим карантина будет продлён ещё на две недели – Касым-Жомарт Токаев

Читали: 53 data-ad-slot="1867841055"> Семей.13.07.”Semeyainasy” – В связи с эпидемиологической ситуацией в стране режим карантина будет …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ