Домой / Новости / Город / «Тәуелсіздіктің құрдасы, жырласа жастар жырласын!» атты қалалық ақындар айтысы

«Тәуелсіздіктің құрдасы, жырласа жастар жырласын!» атты қалалық ақындар айтысы

data-ad-slot="1867841055">

Семей.07.12.”Semeyainasy”-Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен Абай атындағы әмбебап кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай « Тәуелсіздіктің құрдасы, жырласа жастар жырласын!» атты қалалық ақындар айтысы өтті.


Аталмыш додаға 4 жұптан 8 ақын қатысты. Қалалқ ақындар айтысының ұйымдастырушылары Семей қаласының жастар ресурстық орталығымен ШҚО Жастар және балалар ұйымдары қауымдастығы.
Жарыстың мақсаты жастар жылының қорытындысына орай жастардың рухани құндылығын арттыруға бағытталған біржылдық жобаның қорытындысын ретінде жас ақындар арасында қалалық айтысты көрермен назарына ұсыну болып табылады. Жастар жылы болған соң қалалық басшылық тарапынан жас ақындарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Дүбірлі дода келер жылыда жалғасын табыды. Бабаларымыздың сан ғасыр бойы армандаған тәуелсіздігіне қол жеткіздік енді бұл тәуелсіздікті жастар жырламағанда кім жырлайды. Сондықтан тәуелсіздікті жырына қосқан ақындарымызға сәттілік тілеймін- деді Жастар ресурстық орталығының басшысы Олжас Соғымбай.


«Тәуелсіздіктің құрдасы, жырласа жастар жырласын!» атты ақындар айтысының төрешісі, Филология ғылымдарының PHD докторы Әубәкірова Қарлығаш : Жастардың бүгінгі бас қосуы ол өнердің бас қосуы. Бүгінгі айтысқа қойылған басты талап сөз өнерінің шырайын жоғалтпай, мәнерімен көрсету, ойдың тереңдігі, кемелдігі, қоғамдағы мәселені ашып көрсете білу керек. Айтылған сөздің мағнасы мен сөз тапқырлығы деген сияқты көптеген талаптар ескерілетін болады.
Еркіндікпен егемендікті жырлаған ақындар айтысының қорытындысы бойынша I орынды Жасұлан Мақаев, II орынды Айбек Жеңісқазин, III орынды Нұрлан Бектібаев жеңіп алды. Айтысқа қатысқан барлық жас ақындарға арнайы жүлдемен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Ғалбият Нұрзат

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Сот кабинеті

Читали: 22 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 08.08. “Semeyainasy” – Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес сот жүйесінің қызметіне жаңа ақпараттық …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ